ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
АҚШ Үндістанға ескерту жасады
АҚШ Президенті Дональд Трамп Үндістанның ұстанымын сынға алып, елге қарсы экономикалық санкциялардың күшейтілетінін ескертті.
АҚШ Үндістанға ескерту жасады
/ Reuters

Трамп Ресейден мұнай сатып алғаны үшін Үндістанға салынатын кедендік салықтың елеулі түрде арттырылатынын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні “Truth Social” желісіндегі жазбасында Трамп: «Үндістан тек Ресейден ауқымды көлемде мұнай сатып алып қана қоймай, сонымен қатар сол мұнайдың көп бөлігін ашық нарықта жоғары пайдамен қайта сатады. Ресей Украинада қанша адамды қырып жатқанын олар елемейді», – деді.

Ол сөзін: «Сондықтан мен Үндістанның АҚШ-қа төлейтін кедендік салығын едәуір арттырамын», – деп жалғастырды, алайда салықтың нақты қанша пайызға өсетіні туралы ақпарат бермеді.

Бұл мәлімдеме Трамптың бұған дейін Мәскеумен жалғасып жатқан энергетикалық және қорғаныстық байланыстары үшін Жаңа Дели тарапына жасаған санкциялық ескертулерінен кейін айтылды.

Ресеймен сауда қатынастары

Өткен жылы Ресей мұнайы Үндістанның жалпы мұнай импортының шамамен 35–40 пайызын құрады.

Үндістан Трамптың бұл соңғы мәлімдемесіне қатысты әзірге ресми жауап бермеді.

Өткен аптада Трамп Үндістаннан әкелінетін тауарларға 25 пайыз көлемінде кедендік салық енгізетінін және елдің қосымша жазаға ұшырайтынын хабарлап, қосымша ақпарат бермеген болатын.

Іздеу
«Bayraktar TB2» Албаниядағы орман өртін ауыздықтауға көмектесті
Грекияда 106 жерде Палестинаға Бостандық митингілері өтті
Сирия Ресеймен әскери базалар жөнінде келісімге қол жеткізді
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан Мекке қорғаныс келісіміне қол қойды
Қырғызстанда Еуразия Үкіметаралық Кеңесінің отырысы өтті
ЮНИСЕФ: «Газада атысты тоқтату жарияланғаннан бері 300 бала қаза тапты»
«Wildberries» ғимаратын өрт шарпыды
Таиландта бір оқушы 8 адамды өлтіріп, 23 адамды жаралады
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Шариф Сауд Арабиясына сапарын бастады
Израиль Диаспора министрі Чикли: “Макрон бізге сатқындық жасады”
Түркия, Сауд Арабиясы және Пәкістан үшжақты келісімге қол қоймақ
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды