ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Түркия мен жеті мемлекет басып алған Батыс Шериядағы израильдік заңсыз қоныстанушылардың палестиналықтарға қарсы шабуылдарын қатаң айыптады.
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады

Түркия, Мысыр, Индонезия, Иордания, Пәкістан, Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің Сыртқы істер министрлері Батыс Шериядағы палестиналықтарға қарсы шабуылдарға қатысты бірлескен жазбаша мәлімдеме жариялады.

Мәлімдемеге сәйкес, министрлер Рамалланың солтүстігіндегі Джилджилия ауылындағы Ұлы мешітке және Мезра ән-Нубани ауылындағы Әл-Фарук мешітіне жасалған соңғы шабуылдармен қатар, басып алынған Батыс Шерияда палестиналықтарға қарсы заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын қатаң айыптады.

Министрлер бұл шабуылдардың ғибадат орындары мен қасиетті нысандардың қол сұғылмаушылығын, сондай-ақ халықаралық гуманитарлық құқықты қоса алғанда халықаралық құқық нормалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті қарарларын өрескел бұзатынын атап өтті.

Сонымен қатар министрлер израильдік заңсыз қоныстанушылардың  шабуылдарын және басып алынған Палестина аумақтарында тұрақсыздықты, зорлық-зомбылық пен экстремизмді күшейтетін, бейбітшілік орнатуға бағытталған халықаралық күш-жігерге нұқсан келтіретін Израильдің заңсыз шараларының жалғасуын үзілді-кесілді қабылдамайтындарын мәлімдеді.

Министрлер бұл шабуылдарда басқыншы күш ретінде Израильді жауапты деп санайтындарын атап өтті.

Сыртқы істер министрлері халықаралық қауымдастықты құқықтық әрі моральдық міндеттемелерін орындауға, Израильді басып алынған Батыс Шериядағы қауіпті шиеленісті ушықтыратын әрекеттерін тоқтатуға, заңсыз қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын тоқтатуға, қылмыскерлерді жауапқа тартуға шақырды.

Іздеу
АҚШ Грекияға әскери техника сатуды мақұлдады
Ресей Киевте екі адамды өлтірді
Иран АҚШ-қа Ормуз бұғазына байланысты ескерту жасады
Грекияда бірнеше өңірді өрт шарпыды
Иран армиясы: “Кувейт пен Бахрейндегі АҚШ базаларына дронмен соққы бердік”
Израиль мен Ливан арасындағы келіссөздердің 6-шы кезеңі кеше Римде басталды
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Трамп Украинадағы соғыстың жуық арада шешілетініне үміт білдірді
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Ресейдің Новороссийск қаласында бензин таусылды
Францияда аптап ыстықтан қаза тапқандар саны артты
Пәкістанда автобус шатқалға құлап, ондаған адам қаза тапты
Пәкістанда екі үйдің шатыры опырылып, 4 адам қаза тапты