САЯСАТ
2 минут оқылды
АҚШ президенті ядролық қаруларды сынақтан өткізуге бұйрық берді
«Басқа мемлекеттердің сынақ бағдарламаларына байланысты Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруымызды тең дәрежеде сынауды бастау туралы нұсқау бердім», — деді АҚШ президенті Дональд Трамп.
АҚШ президенті ядролық қаруларды сынақтан өткізуге бұйрық берді
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кореяның Пусан қаласындағы Гимхе халықаралық әуежайынан президенттік ұшағына мінді.
30 Қазан 2025

Трамп Қытай мен Ресей деңгейінде ядролық қару сынақтарын жүргізу жөнінде Пентагонға тапсырма бергенін, бұл шешімін Қытай мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен өтетін жоғары деңгейдегі тәуекелді саммит басталардан бірнеше минут бұрын жария етті.

Бұл қадам бейсенбі күні жасалды және ол Ресей президенті Владимир Путиннің Вашингтонның ескертулеріне қарамастан Мәскеудің ядролық оқтұмсық тасымалдай алатын әрі ядролық энергиямен жұмыс істейтін суасты дронын сәтті сынақтан өткізгенін хабарлағанынан бір күн кейін болды.

«Басқа мемлекеттердің жүргізіп жатқан сынақ бағдарламаларына байланысты Қорғаныс министрлігіне ядролық қаруымызды тең дәрежеде сынауға кірісу туралы бұйрық бердім», - деп жазды Трамп әлеуметтік желідегі хабарламасында.

Трамп сондай-ақ Америка Құрама Штаттарының басқа барлық елге қарағанда көбірек ядролық қаруға ие екенін айтып, қазіргі арсеналды «толық жаңарту мен жаңғыртудан өткізу» жөніндегі өз бастамасын мақтады.
«Ресей екінші орында, ал Қытай артта қалып, үшінші орында тұр, бірақ бес жыл ішінде бізге жетіп алады», - деді ол.

Трамп сынақтардың сипаты туралы нақты ақпарат бермеді, бірақ бұл үдерістің «дереу басталатынын» мәлімдеді.

«Бұған тосқауыл қою мүмкін емес»

Сәрсенбі күні Ресей президенті Владимир Путин ядролық оқтұмсық тасымалдай алатын әрі ядролық энергиямен жұмыс істейтін суасты дронының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Бұл бірнеше күн ішіндегі екінші қару сынағы болды.

Украинада жараланған ресейлік сарбаздарды емдеп жатқан әскери ауруханадан сөйлеген сөзінде Путин «Посейдон» деп аталатын бұл дронды «тоқтату мүмкін емес екенін» хабарлады.
Путиннің айтуынша, «Посейдон» дәстүрлі суасты қайықтарына қарағанда жылдам қозғалып, тереңірек сүңги алады және әлемнің кез келген құрлығына жетеді.

Жексенбі күні өткен қанатты зымыран сынағынан кейін Трамп Путинді сынап, зымыран сынақтарымен айналысудың орнына Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырған болатын.

Өткен аптада Будапештте өтуі жоспарланған Трамп–Путин саммиті тоқтатылған еді.

1945 жылдың 16 шілдесінде Нью-Мексикода алғашқы атом бомбасы сынағынан бастап 1992 жылға дейін АҚШ 1054 ядролық сынақ жүргізіп, Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Жапонияға екі ядролық шабуыл жасаған.
АҚШ-тың соңғы ядролық сынағы 1992 жылдың қыркүйегінде Невада ядролық қауіпсіздік полигонында 20 килотонна қуаттылықтағы жер асты жарылысы түрінде өткен.

Сол жылдың қазан айында сол кездегі президент Джордж Г. Буш жаңа сынақтарды тоқтату туралы шешім қабылдап, бұл мораторий кейінгі әкімшіліктер тарапынан да жалғастырылды. Ядролық сынақтардың орнын дамыған компьютерлік модельдеулер арқылы жүргізілетін ядролық емес, «критикалық деңгейден төмен» тәжірибелер басты.

Іздеу
Түркия Сирия президенті мен Ішкі істер министрінің БҰҰ санкциялар тізімінен шығарылуын құптайды
БҰҰ Сирия президенті мен Ішкі істер министріне салынған санкцияларды алып тастады
ЕО Ресей азаматтарына көп мәртелік виза бермейтін болды
Трамп Орталық Азия елдерінің басшыларын қабылдайды
АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне қарар жобасын ұсынды
Сеул Пхеньянның жетінші ядролық сынақ өткізуге дайын екенін мәлімдеді
Нью-Йорктың жаңа мэрі- Зохран Мамдани
Нью-Йоркте тарихи сайлау жақындады
Перу Мексикамен дипломатиялық қатынастарын үзді
Дональд Трамп: «Мадуроның президенттік күндері санаулы»
Стамбулда Газа мәселеcіне байланысты кездесулер өтеді
Трамп Ресей мен Қытайдың жасырын түрде ядролық сынақ жүргізіп жатқанын мәлімдеді
Марк Карни Си Цзиньпинмен кездеседі
Мәскеудің Украинаға қатысты талаптары Трамп пен Путин саммитіне әсер етті ме?
Пәкістан мен Ауғанстан 6 қарашада Стамбулда келіссөздерді жалғастырады
АҚШ Тынық мұхитының шығысында кемеге соққы жасады
Нидерландта саяси бағыт өзгерді
Трамп пен Си Цзиньпин кездесті
Трамп Оңтүстік Кореямен маңызды келісім жасалғанын мәлімдеді
Сирия  Косовоны ресми түрде мойындады