Түркия Дін істері қоры (TDV) Ирактың Киркук қаласында жетім балаларға мектеп формасы мен оқу құралдарын таратып, қаржылай көмек көрсетті.
Ирак түрікмендерінің бауырластық және мәдениет қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы аясында Киркуктегі 150 жетім балаға көмек көрсетілді.
Ирак түрікмендерінің бауырластық және мәдениет қауымдастығының төрағасы Хүсейн Керим Түркия Дін істері қорының қолдауымен жетім балаларға мектеп формасы мен оқу құралдары таратылып, қаржылай көмек көрсетілгенін айтты.
Керим оқу жылы басталмай тұрып көрсетілген бұл көмектің жетім балалар мен олардың отбасылары үшін маңызы зор екенін атап өтті.
Аталған қауымдастықтың басқарма мүшесі Дерья Калели де мұқтаж және жетім балаларға ұдайы қолдау көрсетіп келе жатқан Түркия Дін істері қорына алғыс білдірді.
Калели Түркиядағы қайырымды жандардың берген садақасы мұқтаж жандарға жеткізіліп жатқанын айтты.

























