ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады
Конгрестің 50-ден астам мүшесіне жолданған хатта түрік-американдық топтар Түркияның АҚШ қорғаныс жүйелеріне үздіксіз қол жеткізуі НАТО-ның бірлігін нығайтатынын мәлімдеді.
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады
Түркияға F-35 ұшақтарын сатуды мақұлдауға шақырады / AFP Archive

Жеті түрік-американдық ұйым АҚШ Конгресінің мүшелеріне хат жолдап, заң шығарушыларды Түркияға F-35 жойғыш ұшақтарын сатуды қолдауға шақырды.

«Жетпіс жылға жуық уақыттан бері НАТО бойынша одақтас әрі алдыңғы шептегі қауіпсіздік пен дипломатиялық серіктес ретінде Түркия Республикасының АҚШ қорғаныс жүйелеріне үздіксіз қол жеткізуі Американың негізгі стратегиялық мүдделеріне қызмет етеді. Соған байланысты сіздерден АҚШ-тың F-35 жойғыш ұшақтарын сату жөніндегі қарастырылып жатқан шешімдерін қолдауды және осы ынтымақтастыққа бағытталған орынсыз санкциялар мен кедергілерді жоюды құрметпен сұраймыз», — делінген хатта.

«Бұл сауданы қолдау — НАТО-ның бірлігіне, аймақтық тұрақтылыққа және н екіжақты қарым-қатынасқа салынған инвестиция. Сіздердің қолдауларыңызды сұраймыз және бұл мәселені әрі қарай талқылау мүмкіндігін қуанышпен қабылдаймыз», — деп толықтырылды хатта.

Үндеуге “Assembly of Turkish American Associations”, “Turkish American Coalition”, “Federation of Turkish American Associations”, “Turkish American National Steering Committee”, “MUSIAD USA”, “Turkish American Chamber of Commerce of the South” және “ASKON USA” ұйымдары қол қойды.

Топтар АҚШ-Түркия қарым-қатынастарының тамыры 1831 жылдан басталатынын және Анкараның 1952 жылы НАТО-ға кіргеннен бері ресми одақтас екенін атап өтіп, «Одақтастық оңтүстік-шығыс шекараны нығайтқанын, әрі Босфор мен Чанаккале бұғаздарын бақылауда ұстап отырғанын» айтты.

«Конструктивті аймақтық актер»

Хатта Инджирлик базасын қоса алғанда, түрік әскери базаларының ДАИШ-ті жеңуде «бас тартылмас» рөл атқарғаны көрсетілді.

Сондай-ақ хатта Түркияның Ресей-Украина соғысындағы дәнекерлік рөлін қоса алғанда «конструктивті аймақтық актер» екені және Сириядағы тұрақтылықты қамтамасыз ету күш-жігеріне қатысып жатқаны білдірілді.

Аталған хат шілде айында Конгрестің 50-ден астам мүшесіне тапсырылды.

АҚШ Түркияның Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алуына қарсылық білдіріп, 2019 жылы оны F-35 бағдарламасынан шеттеткен болатын, АҚШ бұл жүйе жойғыш ұшақтарға қауіп төндіреді және НАТО жүйелерімен үйлеспейді деп алға тартты.

Түркия екі жүйе арасында ешқандай қайшылық жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеп, мәселені зерттеу үшін комиссия құруды ұсынған еді.

Өткен айда НАТО саммитіне байланысты Түркияда президент Режеп Тайып Ердоғанмен кездескен АҚШ президенті Дональд Трамп Анкараның F-35 сатып алуына рұқсат беру мәселесін «міндетті түрде» қарастыратынын және Түркияға қолданылған “CAATSA” санкцияларын алып тастағысы келетінін айтқан болатын.

Іздеу
Түркия  кванттық және ғарыштық технологияларға шоғырланады
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады