ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Батыс Шерияға Израильдің шабуылдары күшейді
Израиль күштері мен заңсыз еврей қоныстанушылары басып алынған Батыс Шериядағы шабуылдарын күшейтті.
Батыс Шерияға Израильдің шабуылдары күшейді
Рамалла маңындағы Аттара ауылында палестиналық ер адам қоныстанушылар от қойған көліктің жанында тұр. / Reuters

Ресми Палестина ақпарат агенттігі “WAFA”-ның хабарлауынша, басып алынған Батыс Шериядағы палестиналық елді мекендерге Израиль оккупациялық күштері мен заңсыз қоныстанушылар тарапынан жасалып жатқан шабуылдар жалғасуда. Көптеген шабуыл, жерді басып алу, өртеу және ұрлық оқиғалары тіркелген.

Сейсенбіге қараған түні Израиль оккупациялық күштерінің қорғауында жүрген заңсыз қоныстанушылар тобы Наблус қаласының оңтүстігіндегі Вади Ясуф аймағында палестиналықтарға тиесілі кең ауыл шаруашылық жерлерін өртеген. Тұрғындардың өртенген аумаққа кіріп, шығынды есептеуіне тосқауыл қойылған.

Осы ауданда өткен аптада Ясуф пен Искака ауылдарының жерлері үстінде заңсыз салынған Кфар Тапуахтан шыққан қоныстанушылар тек өздеріне арналған жол салып, палестиналықтардың егістік алқаптарын бульдозермен қиратып тастаған болатын.

Сейсенбі кешінде Израиль күштері Хеврон қаласында екі күн бұрын қаланың солтүстік кіреберісінде заңсыз еврей қоныстанушысы атып өлтірген 35 жастағы Ахмед Рубхи әл-Атраштың денесін туыстарына қайтарды.

Зәйтүн жинау маусымындағы шабуылдар

Басып алынған Шығыс Иерусалимнің солтүстік-батысындағы Бейт Анон қалашығында Израиль күштері зәйтүн теріп жүрген ағалы-інілі екі палестиналыққа шабуыл жасаған. Адхам Жамхурдың айтуынша, сарбаздар оларды ұстап, көліктерін тартып алып, жиналған зәйтүн өнімін тәркілеп, жақын маңдағы әскери базаға апарған соң босатқан.

Рамалланың солтүстік-батысында заңсыз еврей қоныстанушылары палестиналықтардың егістік жерлеріне басып кіріп, жиналған зәйтүн өнімдерін ұрлаған. “WAFA” агенттігінің мәліметінше, Аттара ауылының жері үстіне салынған заңсыз әскери бекеттен келген қоныстанушылар ауылдың шығысындағы егістіктерден өнім жинап, басқалары жеке палестиналық меншік жерлерінде мал жайған және жергілікті құдықтан су ұрлаған.

Бұл шабуылдар палестиналық шаруаларға жиі жасалатын зорлық-зомбылық пен олардың егістікке қолжетімділігін шектеу жағдайында, яғни зәйтүн жинау маусымында қоныстанушылардың зорлық әрекеттері мен әскер қолдауындағы жер тартып алу оқиғалары күшейген кезеңде болып отыр.

Іздеу
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді
Ресей шабуылдарынан Киевте 8 адам қаза тауып, 33 адам жараланды
Ресейдің Башқұртстан аймағындағы мұнай өңдеу зауыты шабуыл салдарынан зақымданды
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетін жұқтырғандар саны 5 мыңнан асты
Иран Мәжілісінің төрағасы Калибаф Иракқа сапарын Сүлейманиге тағзым етуден бастады
Сирияда газ тасымалдайтын құбыр желісінде жарылыс болды
Франция орман өрттерімен күреске қолдау көрсеткен  елдерге алғыс айтты
Филиппиндегі бір мектепте болған қарулы шабуылда 4 адам қаза тапты
Израиль Сирияның Әбу Зухур әскери әуежайына шабуылдады