ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Суданда атысты тоқтату үдерісін бастауға шақырды
Түркияның БҰҰ жанындағы арнайы өкілі Ахмет Йылдыз: «Халықаралық серіктестердің күш-жігері атысты түбегейлі тоқтатуға мүмкіндік беретін, әрі жан-жақты бейбітшілік үдерісіне айналуы тиіс», - деді.
Түркия Суданда атысты тоқтату үдерісін бастауға шақырды
Түркияның БҰҰ жанындағы арнайы өкілі Ахмет Йылдыз / Reuters

Түркияның БҰҰ жанындағы арнайы өкілі Ахмет Йылдыз Суданда атысты тұрақты тоқтату мен инклюзивті саяси үдерісті бастауға шақырып, тұрақтылыққа қол жеткізу үшін кез келген шешім Судан билігінің өз ішінде ілгерілеуі керектігін атап өтті.

Ахмет Йылдыз бейсенбі күні БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Судан мәселесіне арналған отырысында: «Түркия Суданда жалғасып жатқан қақтығыс пен гуманитарлық жағдайға қатты алаңдаулы», - деді.

Анкараның Суданның аумақтық тұтастығын қолдайтынын қайталаған Йылдыз: «Біз Суданның бірлігі, егемендігі және аумақтық тұтастығын қолдаймыз. Мұны Судан мен бүкіл аймақтың тұрақтылығы үшін аса маңызды деп санаймыз», - деді.

Йылдыз қақтығыстың созылуындағы сыртқы факторлардың рөліне тоқталып, «Судандағы сыртқы күштердің әсеріне және оның аймаққа таралуы мүмкін қауіптеріне үлкен алаңдаушылық білдіреміз», - деді.

«Түркия қақтығысты тоқтатудың ең тиімді жолы диалог пен дипломатия деп есептейді. Егер диалог Судан тарапынан басқарылмаса, мұндай нәтижеге жету мүмкін емес»,- деді Түркия өкілі.

Халықаралық серіктестерді шешімді қолдауға шақырған Йылдыз: «Халықаралық серіктестердің күш-жігері атысты тұрақты тоқтатуға, жан-жақты саяси үдеріс пен инклюзивті бейбітшілік процесіне айналуы тиіс», - деп қосты.

Сонымен қатар Түркияның гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырып отырғанын айтқан Йылдыз Қауіпсіздік Кеңесін гуманитарлық жағдайға басымдық беруге және Судан басшылық ететін диалог бастамаларын жеңілдетуге шақырды.

ҚатыстыTRT Қазақ - «Түркия Украинада, Газа секторында және Суданда бейбітшілік орнату бастамаларын қайта жандандырады"
Іздеу
Түркия Нью-Йоркте COP31 мақсаттарын таныстырды
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды
Президент Ердоған Түрік үйінде бірқатар кездесу өткізді
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы министрлері бас қосты
БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады
Түркия Әуе күштері Кипр аралының оңтүстігінде оқу-жаттығуын өткізді
Стамбул әуежайы Еуропада бірінші, ал әлемдік рейтингте бесінші орында
Президент Ердоған Нью-Йорктегі Түрік үйіне келгенде өзін күтіп тұрған халықпен кездесті
Түркия Бразилиямен қорғаныс өнеркәсібі ынтымақтастығы келісімін мақұлдады
Президент Ердоған БҰҰ мінберінен әлемге үн қатады
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті
Сомалиде Түркияның қолдауына алғыс білдіру шерулері өтті
Әзербайжан президенті Әлиев Сыртқы істер министрі Фиданмен кездесті
Ердоған: "Халқымызды қауіп-қатерден қорғадық"
Сыртқы істер министрі Фидан Әзербайжанға барады