ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы
Үш айдан бері электр қуатының күнде өшуі жанармай құю бекеттерінде көліктердің ұзын-сонар кезегіне себеп болды
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы
Мұнайға бай Ливияда жанармай дағдарысы

Африкадағы ең үлкен дәлелденген мұнай қорына ие Ливияда соңғы кездері Завия қаласындағы мұнай нысандарына жасалған шабуылдар мен электр қуатының үзілуіне байланысты жанармай құю бекеттерінде жүздеген метрге созылған көлік кезегі пайда болды.

Ливияның батысындағы Завия қаласында қарулы топтардың соңғы уақытта жиілеген қақтығыстары және мұнай нысандарына ұшқышсыз ұшу аппараттары арқылы жасалған камикадзе шабуылдары аймақтағы мұнай өңдеу зауыттарында түрлі іркілістерге әкеп соқтырды.

Ливияның Ұлттық мұнай корпорациясы оқиғалар саябырсығаннан кейін Завиядағы мұнай нысандарында өндіріс қайта басталғаны туралы мәлімдемелер жасағанымен, шамамен 10 күннен бері жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек қалыптасуда.

Кезектердің артуына шамамен 3 айдан бері күн сайын 4-тен 10 сағатқа дейін жалғасып жатқан электр қуатының үзілуі де әсер етті. Жарықтың өшуіне байланысты генераторы жоқ жанармай құю бекеттері бұл уақытта қызмет көрсете алмаса, жұмыс істеп тұрған бекеттерде жанармай күткен көліктер саны артты.

Жанармай құю бекеттеріндегі қарбаласты өз генераторларына бидондармен бензин алу үшін кезекте тұрған ливиялықтар да ушықтыра түсті.

Іздеу
Қазақстандық теннисші Рыбакина жартылай финалда
Филиппинде паром өртеніп, 5 адам қаза тапты
Израильдің  әуе соққысынан палестиналық бір отбасының төрт мүшесі қаза тапты
Трамп АҚШ-тың Ормуз бұғазын «Трамп бұғазы» деп атайтынын мәлімдеді
Қытайдың Цзянси провинциясында көшкіннен 16 адам қаза тапты
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының өкілі Түркияның «PISA» нәтижелерін жоғары бағалады
Палестина: “Израиль Батыс Шерияда 1670 жаңа тұрғын үй салуды жоспарлап отыр”
Түркия Сирияға көңіл айтты
ЕО: “Басып алынған Палестина аумақтарындағы Израиль қоныстары заңсыз”
Стамбулда «GITEX AI Tүркия» көрмесі басталды
Ресей мен Украина бір-біріне шабуылдады
Түркияның қорғаныс алыбы «MKE» Мысырда  еншілес компания құрды
Непалда қаза тапқандар саны 1 410-қа жетті
Израиль Ұлыбританияның Шығыс Иерусалимдегі консулдығын жабады
“Израильге кіруіме тыйым салынуы – мен үшін құрмет белгісі”