САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ пен Жапония жаңа келісімге қол қойды
Ақ Үйдің хабарлауынша, жаңа келісім маңызды минералдар мен сирек жер элементтерінің жеткізу тізбегін үйлестірілген инвестициялар мен әділ нарықтық тәжірибелер арқылы нығайтуды мақсат етеді.
АҚШ пен Жапония жаңа келісімге қол қойды
Трамп Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаитимен Токиода кездесті. / Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Жапонияның жаңа премьер-министрі Санаэ Такаити Токиода маңызды минералдар мен сирек жер элементтерін жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған негіздемелік келісімге қол қойды. Ақ Үй бұл қадамның үйлестірілген инвестициялар мен әділ нарықтық қағидалар арқылы жеткізу тізбегін күшейтуді көздейтінін мәлімдеді.

Дүйсенбі күні Ақ Үй таратқан мәлімдемеге сәйкес, АҚШ пен Жапония экономикалық саясат құралдары мен бірлескен инвестицияларды пайдалану арқылы маңызды минералдар мен сирек жер элементтері үшін әртараптандырылған, өтімді және әділ нарықтардың дамуын жеделдетуді жоспарлап отыр.

Келісімге қол қойылғаннан кейінгі алты ай ішінде екі ел де АҚШ, Жапония және ұқсас көзқарастағы өзге мемлекеттерге жеткізілетін дайын өнім өндіретін жобаларды қолдау мақсатында шара қабылдауға ниетті.

Ақ Үй «нарықтан тыс саясат» және «әділетсіз сауда тәжірибесі» деп сипаттаған мәселелерді шешу арқылы Вашингтон мен Токио маңызды минералдар жеткізу тізбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында бірлесе жұмыс істейтін болады.

Келісім Трамптың Жапонияның алғашқы әйел көшбасшысы Такаити ханыммен алғашқы кездесуінде жүзеге асты. Екіжақты кездесу барысында тараптар сауда, қорғаныс және өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады.

“Reuters” агенттігінің хабарлауынша, Такаити осы жылдың басында келісілген 550 миллиард долларлық пакет аясында АҚШ инвестицияларын қамтитын ұсыныс бермек. Аталған пакетке кеме жасау, сондай-ақ АҚШ-тан соя бұршағы, табиғи газ және жүк көліктерін көбірек сатып алу кіреді.

Сонымен қатар Такаити ханым Трампты Нобель бейбітшілік сыйлығына ұсынуға дайындалып жатқанын хабарламақ. Бұл ақпарат үкімет дереккөздеріне сілтеме жасай отырып “NTV” арнасында жарияланды.

Бұл қадам Трамптың Жапониядан барған сайын батыл саясат ұстанып отырған Қытайға қарсы аралдарды қорғау мақсатында әскери шығындарды арттыруды талап етуіне жол ашуы мүмкін. Өткен аптада Такаити қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 2%-ына дейін ұлғайту жоспарын жеделдетуге уәде беріп, Трамп тарапынан болуы мүмкін сынның алдын алды.

Трамп Жапонияның әскери әлеуетін арттыру және АҚШ қаруын көбірек сатып алу бағытындағы қадамдарын жоғары бағалады. Ал Такаити Трамптың Камбоджа мен Таиланд, сондай-ақ Израиль мен ХАМАС арасындағы бітімге үлес қосқанын «теңдессіз жетістік» деп атады.

Наразылық акциялары

Кездесу алдында көптеген наразылық білдіруші Токио көшелеріне шығып, АҚШ президенті Дональд Трамптың сапары мен жаңадан сайланған Жапония Премьер-министрі Санаэ Такаитимен кездесуін айыптады.

Наразылар Трамп пен Такаитиді сынаған және Жапония мен АҚШ-ты Қытайға қарсы шиеленісті күшейтті деп айыптаған плакаттар ұстап шықты.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты