ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Ливанда Израиль шабуылдарынан 17 адам қаза тапты
Израильдің әскери ұшақтары елдің оңтүстігіндегі орман алқаптарына өрт тудыратын фосфорлы оқ-дәрілер тастап, егіс алқаптары мен бейбіт тұрғындарға тиесілі цитрус бақтарын өртеп жіберді.
Ливанда Израиль шабуылдарынан 17 адам қаза тапты
Ливанда Израиль шабуылдарынан 17 адам қаза тапты / Reuters

Ливанның «NNA» мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған әуе шабуылдары салдарынан кемінде 17 адам қаза тауып, көптеген адам жараланған.

Израильдің әскери ұшақтары елдің оңтүстігіндегі орман алқаптарына өрт тудыратын фосфорлы оқ-дәрілер тастап, егіс алқаптары мен бейбіт тұрғындарға тиесілі цитрус бақтарын өртеп жіберді.

Сондай-ақ Израиль Кафр-Руммане елді мекеніндегі зиратқа шабуыл жасады.  Шабуылда төрт адам қаза тауып, үш адам жараланды.

Набатия мен Оңтүстік уәлаятты байланыстыратын екі жолға жасалған үш дрон шабуылы салдарынан тағы үш адам көз жұмды. Ал Набатияға қарасты Арабсалим елді мекеніндегі тұрғын үйге жасалған шабуылдан екі адам қаза тапты.

Израильдің Батыс Бекаа өңіріндегі Машгара елді мекеніне жасаған шабуылынан бес адам қаза тауып, көптеген адам жараланды.

Ал Сайда өңіріндегі Кәусәрият әс-Сайяд елді мекеніне жасалған шабуыл салдарынан екі адам көз жұмды.

Әскери операциялар артты

Ливан билігінің мәліметіне сәйкес, Израиль 2 наурыздан бері Ливанның оңтүстігінде ауқымды әскери операция жүргізіп келеді. Шабуыл салдарынан шамамен 3 мың 200 адам қаза тауып, 9 мың 600-ден астам адам жараланған.

Израиль АҚШ-тың арағайындығымен қол жеткізілген атысты тоқтату келісіміне қарамастан шабуылдарын арттыруда.

Беньямин Нетаньяху дүйсенбі күні Израиль күштеріне Ливан аумағындағы шабуылдарды кеңейту туралы тапсырма бергенін мәлімдеді.

ҚатыстыTRT Қазақ - Израиль Ливан аумағына басып кіруді жоспарлап отыр
Іздеу
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»