САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Бейжің Қытай-Португалия келіссөздерінде Еуропамен байланысты нығайтуды қалайтынын мәлімдеді
АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің трансатлантикалық байланыстар мен жаһандық сауданы бұзу қаупі Бейжің мен Еуропа елдерінің бір-біріне деген қызығушылығын қайта жандандырды.
Бейжің Қытай-Португалия келіссөздерінде Еуропамен байланысты нығайтуды қалайтынын мәлімдеді
/ Reuters

Қытайдың Cыртқы істер министрі Бейжіңде Португалияның Cыртқы істер министрімен кездесу өткізіп, Қытай мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды нығайтуға шақырды. Бұл кездесу жаһандық сауда шиеленістері күшейген уақытта Қытай мен Еуропа көшбасшыларының ынтымақтастығын талқылау мақсатында өтті.

Қытайдың Cыртқы істер министрі Ван И Португалия Cыртқы істер министрі Паулу Ранжелмен кездесу барысында Қытай мен Еуропа арасындағы қарым-қатынастарды дамыту үшін бірге жұмыс істеуге дайын екенін мәлімдеді.

Қытай Сыртқы істер министрлігінің сейсенбі күні жасаған мәлімдемесіне қарағанда Ван «Қытай Еуропаны көпполярлы әлемдегі маңызды күш ретінде көреді және Еуропаның стратегиялық тәуелсіздігін сақтауды қолдайды», – деді.

Португалия үкіметінің Қытайға бес жылдан кейінгі алғашқы жоғары деңгейдегі бұл сапары Еуропалық Одаққа мүше елдер Вашингтонмен де, Бейжіңмен де сауда соғысы ықтималдығына алаңдаушылық білдіріп отырған уақытта жасалды.

Бейжің мен Еуропа астаналарындағы жоғары лауазымды тұлғалар АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің трансатлантикалық байланыстар мен жаһандық саудаға қауіп төндіруіне байланысты бір-біріне ерекше назар аударуда.

Ранжелден бөлек Францияның Сыртқы істер министрі мен Италия Сенатының төрағасы да осы аптада Қытайдың жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесу өткізеді.

ЕО-дан тыс Португалия АҚШ-ты өзінің ең үлкен экспорттық нарығы ретінде санайды және Қытайдың жаһандық инфрақұрылымдық жобасы «Бір белдеу және бір жол» бастамасын ұстанатын Батыс Еуропадағы жалғыз ел.

Өткен жылы Португалия Қытайда жасалған электр көліктеріне тарифтер енгізу туралы ЕО  шешіміне дауыс беруде қалыс қалып, осы саладағы Қытай инвестицияларын құптаған болатын.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты