ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Филиппиннің оңтүстігінде паром суға батты
Билік өкілдерінің мәліметінше, 316 адам құтқарылды. Құтқару жұмыстары әлі де жалғасуда.
Филиппиннің оңтүстігінде паром суға батты
Филиппиннің оңтүстігінде паром суға батты / Reuters

Филиппиннің оңтүстігіндегі Басилан уәлаяты жағалауында 350-ден астам жолаушы мінген паром суға батып, 15 адам қаза тапты. «GMA News Online» агентігінің дерегінше, 43 адам әлі табылмаған.  

«M/V Trisha Kerstin 3» атты паром Сулу уәлаятындағы Жоло аралына қарай бет алған.

Жағалау күзеті өкілдері жергілікті БАҚ-қа 316 адамның құтқарылғанын және құтқару операциясының жалғасып жатқанын хабарлады.

Басилан аралының губернаторы Мужив Хатаман «Facebook» желісінде Минданао аралындағы Исабела портында түсірілген видеоларды жариялады. Видеодан аман қалғандардың қайықтардан түсіріліп жатқаны, кейбірінің жылы көрпелерге оранғаны және кейбірінің зембілмен тасымалданғаны көрінеді.

Хатаман «DZBB» радиосына берген сұхбатында зардап шеккендердің басым бөлігінің жағдайы жақсы екенін, алайда егде жастағы кейбір жолаушыларға шұғыл медициналық көмек қажет болғанын айтты. Құтқару жұмыстары жүріп жатқанда ол билік орындары жолаушылар тізімін салыстырып, нақтылауды жалғастырып жатқанын жеткізді.

7 мыңнан астам аралдан тұратын архипелаг саналатын Филиппинде теңіз қауіпсіздігі нашар. Жыл сайын көптеген адам паром апаты салдарынан қаза табады.

 

Іздеу
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді
Сирияның Хама қаласында болған қарулы шабуылдан қауіпсіздік күштерінің 4 қызметкері қаза тапты
130-дан астам израильдік Әл-Ақса мешітіне басып кірді