ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
«Түркия президенті Газа мәселесі бойынша нық ұстанымда»
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Газадағы гуманитарлық жағдайдың маңызды екенін және келісімді бұзушылық жалғасып жатқанын мәлімдеді.
«Түркия президенті Газа мәселесі бойынша нық ұстанымда»
Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан АҚШ-тың Вашингтон қаласында Бейбітшілік Кеңесінің ашылу отырысында сөз сөйледі / AA

Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Газада қауіпсіздікті тұрақтандыру және өңірді қалпына келтіру мәселесі бойынша табандылығы жалғасып жатқанын айтты.

Фидан бұл мәлімдемелерді АҚШ президенті Дональд Трамптың төрағалығымен Вашингтонда өткен Бейбітшілік кеңесінің ашылу отырысында жасады.

Фидан: «Екі жылдық азаптан кейін АҚШ президенті Дональд Трамптың жеке араласуы мен ортақ күш-жігеріміздің арқасында Газада атысты тоқтату келісімі қабылданды. Алайда гуманитарлық жағдай әлі де маңызды және келісімді бұзушылық жалғасуда. Сондықтан жедел және тиімді әрекет қажет », - деді.

«Президент Ердоған Газаның қауіпсіздігін тұрақтандыру және өңірді қалпына келтіру мәселесіндегі табандылығын жалғастыруда. Түркия Газаға қазірдің өзінде өте үлкен көлемде гуманитарлық көмек көрсетіп жатыр», - деді министр.

ҚатыстыТүркия Газаға кезекті көмек кемесін жіберді - TRT Қазақ - TRT Қазақ

Фидан: «Біз денсаулық сақтау мен білім беру салаларын қалпына келтіруге және полицияларды оқытуға да елеулі үлес қоса аламыз. Сонымен қатар Халықаралық тұрақтандыру күштеріне әскер жіберуге де дайынбыз. Түркия әділ, әрі тұрақты бейбітшілікке бағытталған күш-жігеріңізді (Трамптың) қолдауды жалғастырады. Бейбітшіліктің негізі екі мемлекет қағидатына негізделген шешім екеніне сенеміз. Аймақ халқының игілігі үшін осы мақсатқа бірге жетейік»,  - деді.

Іздеу
Непалдағы су тасқыны: 5 мыңнан астам адам әлі табылған жоқ
Жасанды интеллект адамдарға ақы төлейтін болады
Түркия көршілес елдерге 20,9 миллиард доллар көлемінде тауар экспорттады
Иран президенті АҚШ-пен келіссөзге қатысты пікір білдірді
«Мекке қорғаныс одағы Таяу Шығыстың НАТО-сына айналуы мүмкін»
АҚШ Ресейдегі обаға қатысты жағдайды бақылап отыр
Гутерриш  Газада  атысты тоқтатуға шақырды
Мәскеуге жасалған дрон шабуылынан бір адам қаза тапты
Болгарияда бірқатар мекемеге бомба қойылғаны туралы хабарламалар түсті
Түркия «Артемида» бағдарламасы аясында Ай базасын салуға көмектесе алады
Президент Ердоған "AileFest-ке" қатысты
Үш ғалым медицина саласындағы Нобель сыйлығын иеленді
Түркия Израильдің Сирия аумағындағы заңсыз әрекеттерін айыптады
«Aselsan» 2,75 миллиард долларлық келісімшартқа қол қойды
Роналду Португалия құрамасына қайта оралуы мүмкін