АҚШ президенті Дональд Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмек көрсетіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді.
Дональд Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында Қытай мен Ресейге қатысты пікір білдірді. Ол өзі «әсіре солшыл» деп атайтын адамдардың Қытай мен Ресей Иранға көмек көрсетіп жатыр деген көптеген пікірін оқығанын жеткізді.
«Егер олар шынымен көмектесіп жатқан болса, бұл өте төмен деңгейде ғана болуы мүмкін. Алайда мен олардың көмек көрсетіп жатқанына сенбеймін», – деді Трамп.
Сондай-ақ АҚШ президенті Қытай мен Ресейге қатысты: «Олар көп нәрсе жоғалтады. Егер мұндай әрекетке барса, біз оны бірден анықтаймыз», – деді.




















