САЯСАТ
1 ... минут оқылды
"Түркиясыз ешбір теңгерім қалыптаспайды"
Стамбулда өткен «Түркия Ғасыры» шарасында сөйлеген Ердоған Түркияның жаһандық деңгейде абыройлы рөлін атап өтіп, аймақта бейбітшілік пен өркендеуді баса айтты.
"Түркиясыз ешбір теңгерім қалыптаспайды"
"Түркиясыз ешбір теңгерім қалыптаспайды" / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сириядан Палестинадағы Газаға, Парсы шығанағынан Ресей-Украина қақтығысына дейінгі ешбір саяси немесе қауіпсіздік мәселесі Түркияның қатысуынсыз шешілмейтінін айтты.

Сенбі күні Стамбулда өткен «Түркия Ғасыры» отырыстарының соңғы сессиясында сөйлеген сөзінде Ердоған Түркияның «аймақта да, әлемде де құрметке ие, бейбітшілік пен тұрақтылықты қамдайтын елге» айналғанын атап өтті.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған жүйенің түбегейлі өзгерістер кезеңінен өтіп жатқанын айтқан Түркия президенті: «Қарулы қақтығыстар мен соғыстар әлемнің көптеген бөліктеріне, әсіресе біздің аймаққа тікелей әсер етуде. Сауда, технология және энергетика саласындағы бәсекелестік әскери және саяси билік үшін күресті жаңа әрі қиын кезеңге алып келді. Осы кезеңде тұрақсыздық толқындары кеңейіп жатқанда, біз ішкі және сыртқы шекараларымызда қабылданған шаралар арқылы Түркияны осы қауіптерден қорғап қалдық», – деді ол.

Ұлттың бірлігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ердоған Түркияның күш-қуатының барлық деңгейде мойындалғанын атап өтті.

Ол Анкараның көзқарасы «ешбір ұрпақ босқа кетпейтін, аналар жыламайтын, бейбітшілік, қауіпсіздік пен өркендеу бүкіл географиямызда үстемдік ететін» болашақты қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

Ердоғанның айтуынша, мерзімді мақсат – ұлттың бірлігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бейбіт аймақ құруға үлес қосу.

«Ортақ ерік-жігермен біз алдымен терроризмнен азат Түркияны, содан кейін терроризмнен азат аймақты ұлттың болашақ ұрпақтарына мұра ретінде қалдырамыз», – деді ол.

Іздеу
Президент Ердоған Өзбекстан Президенті Әкімшілігінің басшысы Мирзиёеваны қабылдады
Министр Фиданды Бакуде Әзербайжан президенті Әлиев қабылдады
Сыртқы істер министрі  Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитіне қатысты
Қытай орбитаға 10 спутник жіберді, оның сегізі жасанды интеллект спутнигі
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді
Израильдік радикалдар «TRT» телеарнасының тікелей эфиріне кедергі келтірді
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Иран Төңкеріс сақшылары: "АҚШ  ақылға сыйымсыз болса да жаңа шабуыл бастауы мүмкін"
Министр Фидан CICA жиналысына қатысады
Мексикада нөсер салдарынан 6 адам қаза тапты
Ресей: «Киев және Харьков облыстарындағы энергетикалық инфрақұрылым нысандарына соққы жасадық»
Араб коалициясы: «Сауд Арабиясында хоуситтердің қанатты зымыраны атып түсірілді»
АҚШ президенті Трамп: «Иранға көресіні көрсетеміз»
Израильдіктер Батыс Шерияда мешіт пен көлікті өртеп жіберді