ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Палестинада күн сайын зұлымдық әрекеттері жалғасып жатқанын айтып, мұсылман елдерді Израильге қысымды күшейтуге шақырды.
Президент Ердоған: «Израиль Газаны әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырып жатыр»
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған / AA

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған әлем жұртшылығының көз алдында Газа секторында күн сайын қырғын, қастандық, аштық және түрлі қатыгездік әрекеттері жалғасып жатқанын мәлімдеді. Ол Израильді Газаны «әлемдегі ең үлкен концлагерьге» айналдырды деп айыптады.

Ердоған сәрсенбі күні Анкарада өткен Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі фракция отырысында сөйлеген сөзінде Израильдің Газаға жасаған шабуылдарын және гуманитарлық көмектің жеткізілуіне қойылған шектеулерді сынға алды.

«Израиль билігі әлемдегі ең үлкен концлагерьге айналдырған Газада бүкіл әлемнің көз алдында күн сайын қырғын, қастандық, кемсітушілік, оқшаулау, аштық және басқа да көптеген зұлымдық әрекеттері жалғасып жатыр», – деді президент.

Түркия президенті қыс мезгілі жақындаған сайын Газада ауқымды гуманитарлық апат қаупі күшейіп келе жатқанын ескертті. Оның айтуынша, Израильдің адамгершілікке жатпайтын шектеулері аймақтағы дағдарысты одан әрі ушықтырып отыр.

Ердоған палестиналық балалардың ауыр жағдайына да тоқталды. Ол көптеген отбасының суықтан қорғанатын баспанасы болмай, су басқан, лайға толы жерлерде өмір сүруге мәжбүр екенін атап өтті.

«Мұсылман ретінде Израильге қысымды күшейтуіміз керек»

Ердоған өздерін ұзақ жылдар бойы демократия мен адам құқықтарының қорғаушысы ретінде таныстырып келген елдерді де сынға алды. Оның айтуынша, бұл мемлекеттердің екіжүзділігі бүгінде айқын көрініп отыр.

Түркия президенті ислам әлемін жауапкершілік алуға шақырып, мұсылман елдер Газадағы жағдайға қатысты ұстанымдарын қайта қарауы қажет екенін айтты.

«Басқалардан көмек күтудің орнына біз мұсылмандар өзіміз әрекет етіп, Израильге қысымның күшеюіне күш салуымыз керек», – деді ол.

Ол қыс келмей тұрып Газаға гуманитарлық көмек жеткізу үшін мұсылман елдер күш-жігерін арттыруы қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар Түркияның да көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатқанын жеткізді.

«Газадағы бауырларымызға тұрғын үй ретінде пайдаланылатын контейнерлер жіберуге дайынбыз. Гуманитарлық көмек көрсету үшін де қажетті шараларды қабылдап жатырмыз», – деді Ердоған.

Түркия президенті сөзін жалғастырып, «Басқалар мәселеге көз жұмып, құлақтарын жауып алса да, біз Газадағы зұлымдыққа үнсіз қалмаймыз», – деп мәлімдеді.

Президент Түркия жалғыз қалса да, гуманитарлық міндеттерін орындауды жалғастыратынын атап өтті.

Іздеу
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”
АҚШ және 9 ел жасанды интеллект қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
Эстония 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарасын жабады
Израильде сайлау кезіндегі арандатушылыққа Нетаньяхудың қатысы бар деген күдік туды
«Түркия Палестинаны қолдауды жалғасырады»
НАТО-ның келесі саммиті Албанияда өтеді
Президент Ердоған: «Палестина күресін барлық мінберде қорғаймыз»
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
Украина Ресейдің Волгоград қаласына шабуыл жасады
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр