ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
50 жолаушысы бар ресейлік ұшақ жоғалып кетті
Амур өңірі губернаторының хабарлауынша, әуе қозғалысын бақылаушылар Ресейдің Қиыр Шығысындағы “Ан-24” жолаушы ұшағымен байланысты жоғалтқан.
50 жолаушысы бар ресейлік ұшақ жоғалып кетті
/ Reuters

Ресей бейсенбі күні “Антонов Ан-24” үлгісіндегі жолаушы ұшағы елдің Қиыр Шығысында орналасқан Амур өңірінде ұшу кезінде радардан жоғалғанын хабарлады.

Амур облысының губернаторы Василий Орлов Telegram арнасында төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап, ұшақ өңірдің әкімшілік орталығы Благовещенск қаласынан Тында кентіне қарай бағыт алған кезде радардан жоғалғанын айтты.

Орлов: «Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ бортында бес баланы қоса алғанда 43 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған», - деп хабарлап, жоғалған ұшақты іздеу жұмыстарының жалғасып жатқанын жеткізді.

Төтенше жағдайлар министрлігі де іздеу жұмыстарын растады. Олардың хабарлауынша, ұшақ радардан жоғалып, Тындадағы жергілікті әуежайдан бірнеше шақырым жерде байланысқа шықпаған.

Министрлік мәлімдемесінде: «Ұшақ «Хабаровск — Благовещенск — Тында бағытымен ұшып бара жатқан. Алғашқы мәліметтерге қарағанда, бортта шамамен 40 адам болған», - деп, оқиғаға қатысты нақты деректер анықталып жатқанын атап өтті.

Іздеу
Иордания Сыртқы істер министрі Иранның шабуылдарын «қарымта әрекет емес» деп мәлімдеді
Непал мен Қытайдағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 1300-ден асты
ЕО палестиналықтарды Газадан күштеп көшіруге қарсы шықты
Түркия Еуропарламентке наразылық білдірді
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрахим Калын Афинада грек әріптесімен кездесті
Нетаньяху Иран билігін құлатуды «басты міндет» деп атады
Стамбулда ДАИШ-пен байланысы бар күдікті залалсыздандырылды
Түркияның волейболдан әйелдер ұлттық құрамасы жартылай финалда
Путин Ресей мен Украина арасында келісімге келу мүмкіндігі бар екенін айтты
Пашинян: "Ресей өз әскери базасын Армениядан шығару туралы шешім қабылдаса, біз бұған қарсылық білдірмейміз"
Израиль күштері Батыс Шериядағы  рейд кезінде 50 адамды қамауға алды
Иран күштері: «Кувейт пен БАӘ-дегі АҚШ базаларына соққы жасадық»
Түркия Қорғаныс министрлігі: «Сирияға қолдауымыз жалғасады»
"Bayraktar AKINCI" нысаналарды дәл көздеп жойды
Ресей ел аумағындағы Гёте институттарының жабылатынын мәлімдеді