ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Копенгаген әуежайындағы дрон оқиғасы: Дания Премьер-министрі мәлімдеде жасады
Фредериксен Копенгаген әуежайының жабылуына себеп болған ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылын осы күнге дейін Дания инфрақұрылымына жасалған ең елеулі шабуыл ретінде бағалады.
Копенгаген әуежайындағы дрон оқиғасы: Дания Премьер-министрі мәлімдеде жасады
/ Reuters

Дания Премьер-министрі Копенгаген әуежайы үстінде бірнеше сағат бойы қалықтаған құпия дрондардың әуежайдың жабылуына алып келгенін және бұл оқиға маңызды инфрақұрылымға қарсы жасалған елеулі шабуыл екенін мәлімдеді.

Премьер-министр Метте Фредериксен мәлімдемесінде: «Кеше түнде көргеніміз – осы уақытқа дейін Данияның маңызды инфрақұрылымына жасалған ең елеулі шабуыл», – деп хабарлады. Сондай-ақ бұл оқиғаның «басқа дрон шабуылдары, әуе кеңістігін бұзу жағдайлары және Еуропа әуежайларына жасалған кибершабуылдар» үрдісімен сәйкес келетінін жеткізді.

Дания полициясы дрондардың артында кім тұрғанын білмейтіндерін, алайда жиналған дәлелдер оның «тәжірибелі оператордың іс-әрекеті» екенін көрсеткенін хабарлады.

Полиция Копенгаген әуежайы үстінде ірі дрондарды басқарған адамның білімді әрі білікті екенін айтты. Дания мен Норвегия астаналарындағы әуе рейстері сапарға байланысты туындаған хаостан кейін қайта жалғасты.

Копенгаген мен Ослодағы әуежайлар әуе кеңістігінде белгісіз дрондардың байқалуына байланысты ондаған рейстің бағыт өзгертуі немесе мүлде тоқтатылуынан кейін бірнеше сағат өткен соң сейсенбі күні қайта ашылды. Бұл жағдай мыңдаған жолаушының жоспарына кедергі келтірді. Сонымен қатар сейсенбі күні бойы сапарлардың кешігіуі болжануда.

Копенгаген полиция инспекторы Йенс Йесперсен журналистерге берген мәлімдемесінде: «Дрондардың саны, көлемі, ұшу үлгілері, әуежай үстінде өткізген уақыты... мұның барлығы оператордың біліктілігін көрсетеді. Қай білікті оператор екенін білмеймін», – деді.

Йесперсен дүйсенбі күні кешкі уақытта Копенгаген әуежайы үстінде «бірнеше ірі дронның» ұшқанын растады.

Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді