ТР Қоршаған орта, қала құрылысы және климат өзгерісі министрі Мурат Курум Өзбекстан Президентінің Экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі әрі Экология және климат өзгерісі ұлттық комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимовпен кездесті. Мурат Курум өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында COP31 шеңберінде Өзбекстан Президентінің Экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі әрі Экология және климат өзгерісі ұлттық комитетінің төрағасы Азиз Абдухакимовпен өткен кездесуге қатысты жариялаған жазбасында мынадай пікір білдірді:
«COP31 аясында Өзбекстан Президентінің Экология мәселелері жөніндегі кеңесшісі әрі Экология және климат өзгерісі ұлттық комитетінің төрағасы құрметті Азиз Абдухакимов мырзамен бас қостық. Кездесу қорытындысы бойынша қол қойған Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы арқылы климат өзгерісімен күрес, ауа мен судың ластануын болдырмау, қалдықтарды басқару және айналмалы экономика бағыттарындағы ортақ жұмыстарымызға берік негіз қаладық. Анталияда нығайтылған бұл серіктестіктің елдеріміз бен ортақ болашағымыз үшін қайырлы болуын тілеймін».




















