ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Газадағы геноцид кезінде 100 мың израильдік елден кеткен
Жоғары білікті мамандардың, соның ішінде дәрігерлердің Израильден кету қарқыны алаңдатарлық деңгейде артуда.
Газадағы геноцид кезінде 100 мың израильдік елден кеткен
Газадағы геноцид кезінде 100 мың израильдік елден кеткен / Reuters

Тель-Авив университеті жүргізген зерттеу 2023 жылдан кейінгі жағдайға, атап айтқанда Газадағы соғыс, сот реформалары және қоғамдық наразылықтардың әсеріне назар аудара отырып, соңғы 15 жылдағы көші-қонды талдады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2023 және 2024 жылдары шамамен 950 дәрігер Израильден кеткен. Алайда елге қайта оралғандарды ескерсек, бұл көрсеткіш 510 адамды құрайды.

Елден кеткен дәрігерлердің үштен екісі Израильдің медицина факультеттерінің түлектері екені анықталған. Бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда жоғары екені атап өтілді.

Зерттеу Израильдің Орталық статистика бюросы, Жоғары білім кеңесі, Денсаулық сақтау министрлігі және Салық басқармасы ұсынған деректерге сүйене отырып, көші-қон, білім беру, лицензиялау және табыс салаларындағы өзгерістерді жан-жақты талдаған.

Елге қайта оралғандардың азаюы

Зерттеу дерегінше, 2023-2024 жылдары шамамен 100 мың израильдік елден кеткен. Бұл жыл сайын орта есеппен 50 мың адамға сәйкес келеді және ұзақ уақыт сақталған салыстырмалы тұрақтылықтан кейін жаңа үрдістің қалыптасқанын аңғартады.

Зерттеушілер «Елден кеткендер арасында дәрігерлер, ғалымдар, инженерлер және табысы жоғары азаматтар санының айтарлықтай өскенін анықтадық», – деп мәлімдеді. Сонымен қатар елге оралғандардың баяулауы адам  капиталының шетелге ағылуын күшейтіп отырғанына назар аударды.

Зерттеу елден кеткен дәрігерлердің басым бөлігі тәжірибелі мамандар екенін көрсетті. Сондай-ақ бұл үрдіс жалғаса берсе, оның ауыр экономикалық салдарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.

Зерттеушілер бұл жағдай елге өте үлкен қауіп төндіруі мүмкін екенін атап өтіп, «Саяси, экономикалық немесе қауіпсіздікке қатысты соққылар көші-қонның артуына алып келуі мүмкін», – деді.

Іздеу
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады