САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы берді
АҚШ күштері Иранның оңтүстігіндегі зымыран ұшыру нысандары мен теңіз миналарын қоюға қатысы бар деп танылған қайықтарды нысанаға алды.
АҚШ Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы берді
АҚШ Иранның оңтүстігіндегі нысандарға соққы берді / AP

АҚШ Иранның оңтүстігінде зымыран қондырғалары мен мина қоюға пайдаланылды делінген қайықтарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.

АҚШ Орталық қолбасшылығының өкілі, капитан Тим Хокинс «Fox News» арнасына берген сұхбатында: «АҚШ бүгін Иран күштерінен төнген қауіпке  жауап ретінде және әскери қызметкерлерін қорғау мақсатында Иранның оңтүстігіне соққы берді», – деді.

Хокинстің айтуынша, нысаналар қатарында зымыран ұшыру алаңдары мен теңізге мина орналастыруға әрекеттенген Иран қайықтары болған.

«АҚШ Орталық қолбасшылығы атысты тоқтату режимі кезінде сабырлылық танытып, өз күштерін қорғауды жалғастыруда», – деді өкіл.

Хокинс шабуылдарға қатысты қосымша мәлімет бермеді.

Ал Иран бұқаралық ақпарат құралдары дүйсенбі күні таңертең елдің оңтүстігіндегі Бендер-Аббас қаласында, сондай-ақ Парсы шығанағы жағалауындағы Сирик пен Джаск маңында жарылыстар болғанын хабарлады.

Иранның «Fars» ақпарат агенттігі Бендер-Аббас тұрғындарының бірнеше жарылыс дауысын естігенін жеткізді. Алайда жарылыстардың нақты орны мен себебі алғашында анықталмады. Агенттік сондай-ақ Иранның Сирик пен Джаск аудандарында да дәл осындай дауыстың қатар естілгенін хабарлады.

Ал «Mehr» агенттігі операциялардан кейін Бендер-Аббас қаласындағы жағдайдың бақылауда екенін хабарлады.

Іздеу
Иран: "Оманмен Ормуз бұғазы үшін қажетті келісімге келдік"
Президент Ердоған Косово президенті болып сайланған Широка Пуланы құттықтады
Чехия  Ресейдің НАТО-ға қарсы әрекеттері күшеюі мүмкін екенін ескертті
Туфан Ерхүрман Никос Христодулидиспен кездеседі
Зеленский Ресейді айыптады
Трамп Қытай мен Ресейдің Иранға көмектесіп жатқанына сенбейтінін мәлімдеді
«Отпен ойнамаңыздар, біздің қарулы күштеріміз кез келген шабуылға жауап беруге дайын»
Ресей: "Біз бітім емес, ұзақ мерзімді бейбітшілік қалаймыз"
Сауд Арабиясы Эр-Риядтағы форумда энергияны үздіксіз жеткізуге уәде берді
АҚШ-та судья мемлекеттік қаржымен қаржыландырылған Трамп жарнамаларын тоқтату туралы шешім шығарды
Түркия, Мысыр, Пәкістан және Сауд Арабиясы хоуситтердің шабуылдарын айыптады
НАТО-ның жыл сайынғы  жаттығулары 13 қазанда басталады
БҰҰ Ресей мен Украинаның бір-біріне жасаған шабуылдарына алаңдаулы
Украина келіссөз делегациясы ертең Виткофф және Кушнермен кездеседі
«АҚШ күштері Иранға соққы беру жоспарын әзірлеуде»
Гутерриш Пәкістанның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті
АҚШ Иранға сайлауға дейін соққы беруі мүмкін
Пәкістан, Сауд Арабиясы және Түркия қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
Иран: «АҚШ-тың соғысты тоқтату ұсынысына араағайын елдер арқылы жауап беріледі»
Испанияда тұрғын үй дағдарысына байланысты шұғыл шаралар қабылданды