Израиль 2 палестиналықты өлтіргенін мойындады
Атысты тоқтату басталғалы бері Израиль кемінде 342 палестиналықты өлтіріп, шамамен 900 адамды жаралаған.
Израиль армиясы Газаның солтүстігінде екі палестиналықты өлтіргенін мойындады.
Әскердің дүйсенбі күнгі мәлімдемесінде әскери қызметкерлердің екі бөлек оқиғада “қауіп төндірді” деген айыппен екі палестиналықты атып өлтіргені айтылды.
Дүйсенбі күні таңертең медицина дереккөздері Газа қаласының Зейтун ауданының шығысында бір палестиналықтың дрон соққысы салдарынан қаза тапқанын Анадолы агенттігіне хабарлаған болатын.
Нысанаға алынған жердің атысты тоқтату шарттарына сәйкес Израиль күштері шегінуге тиіс аймақтың сыртында қалғаны атап өтілді.
Газа үкіметінің медиа кеңсесі атысты тоқтату басталғалы Израиль кемінде 342 палестиналықты өлтіргенін және шамамен 900 адамды жаралағанын мәлімдеді.
Мәлімдемеде жалғасып жатқан шабуылдар Израильдің келісім талаптарын орындамай отырғанының айқын дәлелі екені айтылды.