САЯСАТ
2 ... минут оқылды
"Қытай ақпарат ағынын бұзу және аралды "бөлу" үшін жасанды интеллект қолдануда" деп айыптады
Тайваньның қауіпсіздік бюросы Қытайдың жасанды интеллект арқылы жасалған хабарламаларды қоғамдық пікірді қалыптастыру және аралға қысым жасау үшін қолданатынын мәлімдеді.
"Қытай ақпарат ағынын бұзу және аралды "бөлу" үшін жасанды интеллект қолдануда" деп айыптады
/ AP

Тайваньның Ұлттық қауіпсіздік бюросы «Қытай генеративті жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдаланып, Тайваньға қарсы жалған ақпарат тарату арқылы қоғамды "бөлу" әрекеттерін күшейтуде», деп мәлімдеді.

Тайвань Қытайды соңғы жылдары әскери жаттығуларды күшейту, сауда санкцияларын енгізу және ықпал ету акцияларын жүргізу арқылы аралды Қытайдың егемендік талаптарын қабылдауға мәжбүрлеуге тырысуда деп айыптады. Тайвань Қытайдың егемендік талаптарын қабылдамайды.

Қытай осы айдың басында аралдың маңында екі күндік әскери жаттығу өткізді, бұл АҚШ сынды көптеген елдің алаңдаушылығын тудырды.

Жасанды интеллект арқылы «соғыс»

Парламентке ұсынылған есепте айтылғанға қарағанда,  биылғы жылы әлеуметтік желілерде, соның ішінде Facebook пен TikTok-та жарты миллионнан астам "даулы хабарламалар" анықталған.

Бейжің өткен ай Президент Лай Чин-Тенің Қытай туралы сөйлеген сөзі немесе «TSMC» чип өндірушісінің АҚШ-тағы жаңа инвестициясы туралы хабарламасы сияқты сезімтал сәттерді нысанаға алып, "когнитивті соғыс" жүргізген. Бұл әрекеттер қоғамда бөлінушілік тудыруға бағытталған деп көрсетілген.

Есепте "ЖИ технологиясының қолданылу алаңы кеңейіп, жетілген сайын Қытай Коммунистік партиясының даулы хабарламалар  жариялау және тарату үшін осы құралдарын пайдаланғаны анықталды," делінген.

Қытайдың Тайвань істері жөніндегі кеңсесі түсініктеме беруден қашқақтады.

‘Сұр аймақ’ тактикасы

Есепте Қытайдың Тайваньға қарсы "сұр аймақ" тактикасын да күшейткені айтылған. Биылғы жылы Қытай жағалау күзетінің Тайвань су айдыны мен әуе кеңістігіне ену оқиғаларының саны күрт өскен.

«Бұл әрекеттер Тайваньды өз күштерін жұмылдыруға мәжбүрлеп, ел ресурстарын азайтты», -делінген есепте.

Президент Лай наурыз айында Қытайды "шетелдік дұшпандық күш" деп атап,Тайваньның болашағын тек оның халқы шешуі керек деп мәлімдеген болатын.

Бейжің әкімшілігі болса Тайваньды өз жерінің бір бөлшегі деп есептейді.  Қажет болғанда күш қолдану арқылы аралды бақылауға алатынын айтып келеді.

Іздеу
Ресейде "Біртұтас Ресей" партиясы парламенттік сайлауда  басымдыққа ие болды
Чилидің бұрынғы президенті Бачелет БҰҰ Бас хатшылығы кандидаттығынан бас тартты
Израиль әскері Сирияның оңтүстігіне кірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Солтүстік Корея Ресейдегі зауыттарға мыңдаған жұмысшы жіберген
Ресейде парламент сайлауы өтіп жатыр
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
Ахмед Шара санкциялар алынғаннан кейін Сирияның қайта жанданғанын мәлімдеді