ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған: «Түркия Газа туралы шындықты айтуды жалғастырады»
Президент Режеп Тайып Ердоған Анкараның Палестина халқымен бірге екенін және әділдік орнату жолындағы табандылығынан ешқашан бас тартпайтынын мәлімдеді.
Президент Ердоған: «Түркия Газа туралы шындықты айтуды жалғастырады»
Президент Ердоған: «Түркия Газа туралы шындықты айтуды жалғастырады» / AA

Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған Газадағы оқиғалардың ұмытылмауы және әділеттің орнауы үшін барлық майданда күресті табандылықпен жалғастыратынын атап өтті.

Ердоған бейсенбі күні Анкарада өткен марапаттау рәсімінде: «Түркия Газада болған жайттардың ұмытылмауы және әділдіктің орнауы үшін барлық бағытта табандылықпен күресті жалғастыра береді. Ақиқатты айтуды ұран еткен ел ретінде біз Палестина халқымен біргеміз», - деді.

«Батыл» медиа

Ердоған сондай-ақ Газада болып жатқан оқиғаларды жеткізуде «батыл» ұстаным танытқаны үшін Түркияның бұқаралық ақпарат құралдарын жоғары бағалап, «Газадағы геноцид мәселесінде, әсіресе TRT мен Aнадолы агенттігіміз бастаған түрік баспасөзі шын мәнінде батыл ұстаным танытты», - деді.

Ердоған Анадолы агенттігінің палестиналық фототілшісі Али Джедаллахты мақтап, «Оның кадрлары Газадағы қырғынның сұмдық деңгейге жеткенін ғана емес, Палестина халқының әділ, әрі абыройлы қарсылығын күн тәртібіне шығарды», - деді.

«Газада екі жыл бойы жалғасқан қатыгез геноцидті фотолар арқылы бүкіл әлемге әшкерелеп, «өркениетті» әлемнің бетіне басқан Али бауырымыз бүгінде Aнадолы агенттігінің фототілшісі ретінде оқиға орнында қызмет атқарып жүр», - деп қосты президент.

Іздеу
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Жеті елдің сыртқы істер министрлері Стамбулда бас қосады
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
Түркия, Пәкістан және Сауд Арабиясы арасындағы бірлескен қорғаныс келісімі Мәжілістің бекітуіне ұсын
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді
Түркия Сыртқы істер министрі НАТО Бас хатшысымен кездесті
Министр Фидан Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Түркия Ирактағы балаларға көмек көрсетті
Түркия Канадаға көңіл айтты
Түркияның коммерциялық көлік экспорты 5 миллиард доллардан асты