ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті
Түркия Президенттік веложарысында (TUR 2026) «Caja Rural-Seguros RGA» командасының австралиялық спортшысы Себастьян Бервик бірінші орынды иеленді.
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті / AA

Измирдің Чешме ауданында 26 сәуірде басталып, Эгей және Жерорта теңізі жағалауларынан өткен “TUR 2026” Анкара кезеңінен кейін аяқталды.

Жарыстың 6-шы және негізгі кезеңінде көшбасшылықты қолға алған Себастьян Бервик жалпы есепте 26 сағат 34 минут 19 секунд нәтижесімен бас классификацияның жеңімпазы атанды. “TUR 2026-да” топ жарған 26 жастағы австралиялық велошабандоз көгілдір жейденің де иегері болды.

“TUR 2026” жарысын «Equipo Kern Pharma» командасынан колумбиялық Иван Рамиро Соса екінші, ал «Solution Tech NIPPO Rali» командасынан белгиялық Камиль Бонне үшінші орында аяқтады.

Соңғы кезеңде Краббе жеңіске жетті

“TUR 2026-ның” 8-ші және соңғы кезеңінде «Team Flanders-Baloise» командасының белгиялық спортшысы Том Краббе жеңіске жетті. Краббе Анкарадағы 108,4 шақырымдық қашықтықты 2 сағат 11 минут 35 секундта жүріп өтіп, мәреге бірінші болып келді.

Жейделер

“TUR 2026-да” көгілдір жейдеден бөлек, тағы 3 арнайы жейде өз иелерін тапты:

  • Қызыл жейде (Ең үздік тау шабандозы): Бас классификация жеңімпазы Себастьян Бервикке бұйырды.

  • Жасыл жейде (Ең үздік спринтер): «Team Flanders-Baloise» командасының белгиялық велошабандозы Том Краббеге берілді.

  • Ақ жейде («Түркия сұлулықтары» жүлдесі): «Konya Büyükşehir Belediyespor» клубынан түркиялық ұлттық спортшы Мұстафа Таракшы жеңіп алды.

Командалық есепте «XDS Astana» ұжымы бірінші орынға ие болды.

Іздеу
Түркия мен Бельгия қорғаныс, дипломатия және сауда салаларында ынтымақтастықты тереңдетті
Түркі мемлекеттерінің басшылары Түркістанда басқосады
Хакан Фидан Ормуз бұғазының «қару» ретінде пайдаланылмауы керектігін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Катарда
Израиль бітім келісіміне қарамастан Ливанның оңтүстігіне шабуылдады
Ресей Украинаға 200-ден астам қарулы дронмен шабуылдады
Испаниядан Еуропа армиясын құру туралы үндеу келді
Біріккен Араб Әмірліктері Иран аумағына жасырын шабуыл жасаған
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Заңсыз мигранттардың АҚШ-та дүниеге келген балаларына азаматтық берілмеуі мүмкін
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді