ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Министрлік бұл көрсеткіш алғашқы есепке негізделгенін және соңғы көрсеткіш емес екенін хабарлады.
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді
Израиль Ливанда 31 адамды өлтірді / Reuters

Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне қарағанда дүйсенбі күні таңертең Израильдің Бейруттың оңтүстіктегі шет аймақтарына және Ливанның оңтүстігіне жасаған соққылары салдарынан кемінде 31 адам қаза тауып, 149 адам жараланды.

Министрлік бұл көрсеткіш алғашқы есепке негізделгенін және соңғы көрсеткіш емес екенін хабарлады.

Израиль БАҚ-тарына қарағанда, Израиль әскері Ливан аумағында бірқатар әуе шабуылын жасап, бұл әрекеттерді «Израильдің солтүстігіне бағытталған зымыран шабуылына жауап» деп түсіндірген.

Хезболла жексенбі күні Израиль мен АҚШ-тың шабуылдарынан кейін Иранды қолдау «міндет» екенін мәлімдеді.

Соңғы шабуылдар сенбі күні АҚШ пен Израильдің Иранға соққы жасауынан кейін Таяу Шығысқа тараған қақтығыстың одан әрі кеңеюіне әкелді. Хезболла ˗ Тегеранның аймақтағы негізгі одақтастарының бірі.

Сенбі күні соғыс басталғалы бері 260-тан астам адам қаза тапты, олардың басым бөлігі Иранда (200-ден астам). Қақтығыс кеңейген сайын қарымта шабуылдар мен АҚШ-қа қарсы наразылық салдарынан Израильде кемінде 10 адам, Ливанда 31 адам, АҚШ-та 3 адам, Парсы шығанағы елдерінде бірнеше адам қаза тапқан.

2023 жылдың қазанында ХАМАС-тың Израильге жасаған шабуылынан кейін басталған соғысқа Хезболла да Израильмен қақтығыстарға қатысып, әлсіреген болатын.

2024 жылдың қарашасында Израиль мен Хезболла арасында бітім жасалғанымен, Израиль Ливандағы нысандарға соққы жасауды жалғастырды.

Маусым айында Израиль мен Иран арасындағы 12 күндік соғысқа Хезболла тікелей араласпаған болатын.

ҚатыстыИзраиль Ливанның оңтүстігіне әуеден шабуылдады - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Канада Премьер-министрі Карни Түркиямен серіктестікті жаңа деңгейге көтеру қажеттігін атап өтті
Президент Ердоған Канада премьер-министрі Карнимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз сөйледі
Қырғызстанда Халықаралық  Түркі әлемі коммуникация және өнер симпозиумы басталды
Президент Ердоған ТМҰ Бас хатшысы Өмірәлиевті қабылдады
Шай жүрекке пайдалы
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Стамбул әуежайы әуе рейстерін байланыстыру мүмкіндігі бойынша әлемдегі үздік әуежай атанды
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Президент Ердоған Болгария премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді