САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Уақытша президент Делси Родригес екіжақты «жол картасын» талқылау үшін Каракаста АҚШ елшісі Лаура Догумен кездесті.
Венесуэланың уақытша президенті АҚШ елшісімен кездесті
Венесуэланың уақытша президенті Делси Родригес АҚШ елшісі Лаура Догумен кездесті. / Reuters

Венесуэла үкіметі уақытша Мемлекет басшысы Делси Родригестің АҚШ елшісі Лаура Догумен келіссөз жүргізгенін және 2019 жылы үзілген екі ел арасындағы қарым-қатынастарды кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіру үдерісі басталғанын мәлімдеді.

Дүйсенбі күні жарияланған ресми хабарламада кездесудің Мирафлорес президенттік сарайында өткені және онда «Боливарлық Венесуэла Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы жұмыс күн тәртібі» талқыланғаны айтылды.

Лаура Догу Каракасқа келгеннен кейін демалыс күндері Сыртқы істер министрі Хильмен де жеке кездесу өткізген.

Хабарламада: «Венесуэла мен АҚШ үкіметтері дипломатиялық диалог арқылы өзара құрмет пен халықаралық құқық қағидаттары негізінде екіжақты мүдделерге қатысты мәселелерді талқылау үшін жол картасы бойынша әрекет етуге келісті», - делінген.

ҚатыстыTRT Қазақ - “АҚШ-тың Венесуэлаға операциясы халықаралық құқыққа нұқсан келтірді”

Бірқатар өзгеріс

Кездесу екі ел арасындағы бірнеше ай бойы күшейген шиеленістен кейін өтті.

АҚШ өткен айда Николас Мадуроны тұтқындады. Бұл жағдай Делси Родригестің уақытша президент ретінде ант беруіне, Венесуэланың мұнай туралы заңына енгізілген реформалардың қабылдануына және бірқатар саяси тұтқынның босатылуына себеп болған саяси өзгерістерді тудырды.

Родригес АҚШ-пен «теңгерімді әрі құрметке негізделген халықаралық қатынастарды» көздейтінін мәлімдесе, АҚШ президенті Дональд Трамп уақытша үкіметпен қарым-қатынастардың оң бағытта дамып жатқанын атап өтті.

Іздеу
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді