ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Исландияда жанартау атқылады
Атқылау әуе қозғалысына әсер етпесе де, ауа сапасы «өте нашар» деп хабарланды. Билік тұрғындарға терезелерін жабық ұстауды ескертті.
Исландияда жанартау атқылады
/ AA

Исландияның оңтүстік-батысындағы Рейкьянес түбегінде тағы бір жанартау атқылады. Бұл 2023 жылдың соңынан бері аймақта атқылаған тоғызыншы жанартау екені хабарланды.

Тікелей эфир видеосында лаваның жарықшақтан атқылағанын көруге болады. Исландия метеорология басқармасы жанартау жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:00-де атқылай бастағанын хабарлады.

Исландияның «RUV» телеарнасы жақын маңдағы Гриндавик балықшылар ауылы мен Исландияның әйгілі «Көк лагуна» туристік орталығы эвакуацияланғанын хабарлады. Бұл аймақта соңғы атқылау сәуір айында болған.

2023 жылдың соңында аймақта алғашқы жанартау атқылағаннан кейін Гриндавик қаласындағы 4 000-ға жақын халықтың көп бөлігі эвакуацияланған еді. Сол уақыттан бері үйлердің барлығы дерлік мемлекетке сатылып, тұрғындардың басым бөлігі бұл өңірден көшіп кеткен. 

Рейкьянес түбегіндегі жанартаулар 2021 жылдың наурызында сейсмикалық белсенділік күшейгенге дейін сегіз ғасыр бойы атқыламаған болатын. Ал вулканологтар соңғы жылдары бұл аймақтағы жанартау белсенділігі жаңа бір кезеңге өткенін ескертті.

«RUV» телеарнасы жарылыс халықаралық рейстерге әсер етпейді деп хабарлады.

Исландияның басқа бір өңірінде 2010 жылы болған жанартау атқылауы Еуропада әуе кеңістігінің жабылуына әкеліп, бүкіл әлем бойынша әуе қатынасында хаос тудырған еді.

Еуропа елдерінің ішінде ең көп белсенді жанартау жүйесі орналасқан Исландияда жалпы саны 33 белсенді жанартау бар.

Исландия Еуразия мен Солтүстік Америка тектоникалық плиталарын бөліп тұрған мұхит түбіндегі Орта Атлантикалық жота үстінде орналасқан. Бұл тектоникалық белдеу аймақта жер сілкінісі мен жанартау атқылауына жиі себеп болуда.

Іздеу
Филиппиннің оңтүстігінде жойқын жер сілкінісі болды
Иран–Израиль қақтығысы ушыға түсті
Израиль Бейрутқа шабуыл жасады
Түркия 4 айда 195 миллион доллар көлемінде лимон экспорттады
Түркия ұлттық құрамасы Аризонада
Шығыс Қаратеңіз аймағынан 115 елге 831 миллион доллардан асатын экспорт жасалды
Балқан көшбасшылары Черногориядағы ЕО саммитіне қатысуда
Ресей: «Президент Трамптың ұсыныстары бейбіт келісімнің негізі бола алады»
Жасыл энергетика Түркияның экологиялық нәтижелерін күшейтті
Өкілдер палатасы АҚШ пен Израильдің әскери ынтымақтастығын қолдады
Президент Трамп Иранның Діни жетекшісімен кездесуді «үлкен мәртебе» санайтынын айтты
Түркия мен Корея стратегиялық байланыстарды нығайтпақ
Президент Зеленский бейбіт келіссөздерді Түркияда өткізуді ұсынды
АҚШ Ресейге қысымды арттырмақ
Иран: «Зымырандарымыз дайын»