ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар: «Бүгін Анталияда қол қойылған құжатпен екінші кезеңде көзделген 3 мың мегаватт қосымша қуатты жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарымызды жаңа деңгейге көтереміз».
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар Сауд Арабиясымен Электр энергетикасы жобаларындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын және «ACWA Power» компаниясы Түркияда екі кезеңде дамытатын жалпы қуаты 5 мың мегаватт болатын жаңартылатын энергия жобаларының негізгі шеңберін айқындағандарын хабарлады.

Байрактар «X» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жасаған жазбасында президент Режеп Тайып Ердоғанның Сауд Арабиясының Энергетика министрі Абдулазиз бен Салман Әл Саудты қабылдауына қатысқанын атап өтті.

Қабылдаудан кейін президент Ердоғанның қатысуымен Электр энергетикасы жобаларындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын хабарлаған Байрактар «3 ақпанда Эр-Риядта қол қойылып, 21 қазанда күшіне енген үкіметаралық келісім аясында «ACWA Power» компаниясы елімізде екі кезеңде дамытатын жалпы қуаты 5 мың мегаватт болатын жаңартылатын энергия жобаларының шеңберін белгіледік. Алғашқы кезеңді құрайтын Сивас пен Карамандағы жалпы қуаты 2 мың мегаватт болатын күн энергиясы жобаларында қол жеткізілген ілгерілеуге ризашылығымызды білдіреміз. Бүгін Анталияда қол қойылған құжатпен екінші кезеңде көзделген 3 мың мегаватт қосымша қуатты жүзеге асыру бағытындағы жұмыстарымызды жаңа деңгейге көтереміз. Бұл орайда жоғары кернеулі тұрақты ток тасымалдау инфрақұрылымымен және батареялық энергия сақтау жүйелерімен қамтамасыз етілетін жел электр станцияларын дамытуды көздеп отырмыз. Жаңартылатын энергия қуатымызды арттыра отырып, электр желісі инфрақұрылымымызды нығайтатын және жүйелік икемділікті дамытатын осы инвестициялар арқылы Сауд Арабиясымен стратегиялық энергетикалық ынтымақтастығымызды тереңдете түсеміз. Түркияның энергетикалық  трансформациясына және инвестициялық ортасына деген сенімді нақты жобаларға айналдыруды жалғастырамыз» деді.

Іздеу
Аныткабірде ұлы көшбасшы Ататүрікті еске алу рәсімі өтті
Президент Ердоған «Apple» басшысы Тим Кукты қабылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір мешітке басып кірді
COP31 қатысушылары Ататүрікті бір минут үнсіздікпен еске алды
Вице-президент  Йылмаз Қытай Мемлекет басшысының орынбасары Хань Чжэнмен кездесті
Әзербайжанда Мемлекеттік ту күні атап өтілуде
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Иранмен келісімге келу мүмкіндігіне күмән келтірді
Иран АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылдары туралы ақпарат берді
Рим Папасына қоқан-лоққы жасалды
Президент Ердоған: «Қақтығыстардың күшеюі өңірге тек қосымша шығын әкеледі»
Президент Ердоған: «Түркия мен Әзербайжан арасына іріткі салу мүмкін емес»
Иран: «Араағайын елдермен келіссөздер жалғасып жатыр»
Ресей: «Украина мен Еуропа соғысты жалғастыруға дайындалып жатыр»
Франция: «Еуропа Абу-Дабидегі Ресей–Украина келіссөздеріне қатысады»
Президент Ердоған Жеңіс күніне орай құттықтау жариялады