САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
«Лондон алыс қашықтыққа арналған қару-жарақ жеткізу арқылы Киев билігінің сыбайласына айналып отыр».
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді
Ресей Ұлыбританияның Киевке қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдірді

Ресей Ұлыбританияның Украинаға қару-жарақ жеткізілімін арттыруына наразылық білдіріп, мұның ауқымды салдары болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесінде Ұлыбританияның Киев билігіне ұшқышсыз ұшу аппараттары мен өзге де қару-жарақ жүйелерін жеткізуді көбейткені айтылды.

Осыған байланысты Ұлыбританияның Мәскеудегі елшілігінің уақытша сенімді өкілі Данаэ Дхолакия министрлікке шақырылған.

Мәлімдемеде: « Лондонның бұл әрекеттеріне наразылық білдірілді. Ұлыбританияның Украина мәселесінде ұстанып отырған текетірес саясаты қақтығыстың созылуына себеп болып, дағдарысты саяси жолмен реттеу мүмкіндігін барған сайын азайтып отыр.

 Лондон алыс қашықтыққа арналған қару-жарақ жеткізу арқылы Киев билігінің сыбайласына айналып отыр», — делінген.

Сондай-ақ Ұлыбританияның Киевке әскери қолдау көрсетуі халықаралық міндеттемелерге қайшы екені атап өтілді.

«Ұлыбританияның мұндай әрекеттері қауіп тудырады. Ұлыбританияның бұл саясатына жауап ретінде Ресей өзін-өзі қорғау құқығы аясында тиісті шаралар қолдануға құқылы екенін атап өтті.

Жағдайдың одан әрі нашарлауына Лондон жауапты болады. Ұлыбританияға шиеленісті күшейтуге бағытталған саясаттан бас тартып, халықаралық міндеттемелерін орындау жөнінде үндеу жасалды», — делінген мәлімдемеде.

 

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті