ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Тағы бес күдікті ұсталып, ауруханада ем алып жатқан жаралы екі шабуылшыны қосқанда, қамауға алынғандардың жалпы саны 10-ға жетті.
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды
Стамбулдағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылдан кейін 10 адам ұсталды / Anadolu Agency

Сәрсенбі күні тағы бес адам ұсталып, Стамбулдың Бешикташ ауданындағы полиция бекетіне жасалған террорлық шабуылға қатысты күдіктілер саны 10-ға жетті.

Левент ауданындағы «Yapı Kredi Plaza» ғимаратының алдында және Израиль консулдығына жақын жердегі полиция бекетіне сейсенбі күні жасалған шабуылға қатысты Стамбул Бас прокуратурасы бастаған тергеу жалғасуда. Тергеу аясында полиция Стамбул мен Кожаелі қалаларында анықталған мекенжайларға операция жүргізіп, тағы бес күдіктіні қолға түсірді.

Ауруханада емделіп жатқан екі шабуылшымен бірге ұсталғандар саны 10 адамға жетті. Күдіктілердің сегізі Стамбул полиция департаментінде тергеліп жатыр, ал жаралы екі шабуылшы емделіп болған соң департаментке жеткізіледі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Стамбулдағы Израиль консулдығы маңында болған қарулы қақтығыста үш террорист залалсыздандырылды

Құзырлы органдар Бешикташ ауданында полициямен болған атыс кезінде үш шабуылшының көзі жойылғанын, екі полиция қызметкерінің жеңіл жарақат алғанын хабарлады.

“ROKETSAN” компаниясына тиесілі нысанның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде Түркия Республикасының президенті Режеп Тайып Ердоған: «Қаһарман қауіпсіздік күштеріміз тойтарған осы опасыз шабуылды қатаң айыптайтынымызды жеткізгім келеді», — деді. Президент Ердоған: «Терроризмнің кез келген түрімен күресті табандылықпен жалғастырамыз. Бүгінгідей пасық арандатушылықтармен Түркияның қауіпсіздік ахуалына нұқсан келтірілуіне жол бермейміз», — деп атап өтті.

Іздеу
Таиландта мектепте шабуыл жасалды
Президент Ердоған Сауд Арабиясына сапарлай барады
Украина Сыртқы істер министрі  бейбітшілік үшін көшбасшылардың кездесуі қажет екенін айтты
Тарихи Кадыкалеси ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне үміткер нысан атанды
Министр Фидан: «Сириямен болашағымыз ортақ»
Президент Ердоған “Терроризмнен азат Түркия” жобасына қатысты мәлімдеме жасады
Ливанның оңтүстігінде болған жарылыстан екі израильдік сарбаз қаза тапты
Трамп елге заңсыз мигранттардың кіруін тоқтатқандарын алға тартты
Израильдік заңсыз қоныстанушылар палестиналықтардың үйлерін өртеп, 6 адамды жаралады
Хиросимада АҚШ-тың ядролық шабуылының 81 жылдығында ядролық қаруға қарсы үндеулер қайталанды
Мұхаммед Салах Түркияға келді: трансферлік келіссөздер жалғасып жатыр
«Wildberries» қоймасы қайта зақымданды
Трамп «АҚШ-та оқ-дәрі қоры азайды» деген ақпаратты жоққа шығарды
Украинада әуе қорғанысы үшін қолданылатын зымыран саны үш есе азайды
Министр Фидан: «Израильдің басқыншылық саясаты тоқтатылмаса, дағдарыс бүкіл әлемге таралады»