Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Жиынға екі елдің сыртқы істер министрлері тең төрағалық етеді.
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады
Түркия–Қырғызстан стратегиялық жоспарлау тобы ертең Анкарада бас қосады

Түркия–Қырғызстан Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының 7-отырысы ертең Анкарада Түркияның Сыртқы істер министрі Хакан Фидан мен Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Құлубаевтың тең төрағалығымен өтеді.

Кездесу барысында тараптар екіжақты саяси байланыстардың қазіргі деңгейін, алдағы жоғары деңгейдегі сапарлар мен саммиттердің дайындығын талқыламақ.

Хакан Фидан сауда, экономика, инвестиция, энергетика, көлік, қорғаныс өнеркәсібі, білім және гуманитарлық-мәдени салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне тоқталып, сауда көлемін 5 миллиард долларға жеткізу жолдарын қарастырады. Сондай-ақ Түркі Мемлекеттері Ұйымы аясындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызын атап өтпек.

Келіссөздерде Транскаспий халықаралық көлік бағытын  дамыту, көлік-логистикалық инфрақұрылымды күшейту, сондай-ақ Украина, Иран және Палестина мәселелерін қамтитын өңірлік әрі халықаралық ахуал талқыланады.

Кездесу қорытындысында Бірлескен стратегиялық жоспарлау тобының ортақ мәлімдемесі қабылданып, екі елдің сыртқы істер министрліктері арасында 2026–2027 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылады.

Түркия Қырғызстанның тәуелсіздігін 1991 жылы 16 желтоқсанда алғаш болып мойындаған мемлекет. Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы 29 қаңтарда орнатылды.

Қазіргі таңда Түркия  ̶  Қырғызстанның жетінші ірі сауда серіктесі. 2025 жылы екіжақты сауда көлемі 1,645 миллиард долларға жетіп, бір жылда 6,3 пайыз артты.

1995–2025 жылдар аралығында Түркияның Қырғызстанға тікелей инвестициясы 1,6 миллиард долларды құрады. Елде тау-кен өндірісі, энергетика, қаржы, туризм және құрылыс салаларында 350-ге жуық түрік компаниясы жұмыс істейді.

Білім беру саласындағы ынтымақтастық та қарқынды дамып келеді. Қырғызстан–Түркия Манас университеті 1995 жылы құрылып, 1997–1998 оқу жылынан бастап жұмыс істей бастады. Бұдан бөлек, Қырғызстанда Түркияның білім беру және діни-ағарту ұйымдарына қарасты бірнеше оқу орны қызмет етеді.

1992 жылдан бері 4 676 Қырғызстан азаматы Түркияда білім алу үшін мемлекеттік шәкіртақы иегері атанды.

Іздеу
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады
Ұлыбритания Израильдің заңсыз қоныстарды кеңейту жоспарына қарсы шықты
Вьетнам алты қылмыс түрі үшін өлім жазасын алып тастауды жоспарлауда
Түркияның отандық "DERİNGÖZ" суасты аппараты таныстырылады
Украинада ұлттық аза тұту күні жарияланды
Иран Ислам революциясы сақшылары корпусы: «Жаңа соғыс басталса, одан да жойқын қару қолданамыз»
Иран: «АҚШ-тың «Экономикалық D-Day операциясы» — өз дағдарысын жасыру әрекеті»
Украина шекарасына жақын Румыния аумағына ұшқышсыз ұшу аппараты құлады
Барак Нетаньяхуды Түркиямен шиеленісті негізсіз ушықтырды деп сынады
Израиль бес жасар Хинд Раджабты өлтіргенін мойындады
Ресей мен Украина 103 әскери тұтқын айырбастады
Израиль Газадағы полиция бекетінде 9 адамды өлтірді