ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Катар Израильді айыптады
Катар әмірі Газадағы бітімнің бұзылуы мен Палестинаға жасалған шабуыл салдарынан аймақтағы гуманитарлық жағдайдың нашарлауына Израиль жауапты екенін айтты.
Катар Израильді айыптады
Катар Израильді айыптады / Reuters

Газа аймағындағы қазіргі бітімге араағайын болған Катар әмірі соңғы күндері Израильдің Газаға жасаған қанды әуе шабуылдарынан кейін11 күн бұрын күшіне енген бітімнің бұзылғанын айтып, Израильді айыптады.

Сейсенбі күні Шура мәжілісіне арналған жыл сайынғы жолдауында Шейх Тамим бин Хамад әл-Сани наразылық білдіріп, «Біз Израильдің Палестинадағы барлық заңбұзушылықтары мен әрекеттерін, әсіресе Газа секторын өмір сүруге қолайсыз аймаққа айналдыруын және бітімді үнемі бұзуын тағы да қатаң айыптаймыз», - деді.

Палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС бұған дейін 10 қазан күні жасалған Газа бітімін орындау үшін халықаралық тараптарды Израильге қысым жасауға шақырған болатын.

Бітім келісіміне қол қойылғаннан бері Израильдің әуе шабуылдары салдарынан шамамен 100 палестиналық қаза тауып, 200-ден астам адам жараланды.

Хамас негізгі кедергілер мен Израильдің үйінділерді қарқынды бомбалауына қарамастан, израильдік тұтқындардың мәйіттерін қайтару үшін жұмыс істеп жатқандарын айтты.

Ұйым осы уақытқа дейін 20 тірі тұтқынды босатып, 13 адамның мәйітін шамамен 2 мың палестиналық тұтқынға айырбастады.

ХАМАС өкілі Хазым Касым Израильді бітімді бірнеше рет бұзды деп және гуманитарлық көмекті шектеу арқылы Газа халқына саяси қысым жасауға тырысты деп айыптады.

2023 жылдың қазан айынан бері жалғасып келе жатқан Израильдің геноцид шабуылдарынан 68 200-ден астам палестиналық қаза тапты және 170 000-нан астам адам  жараланды. Бұл  жағдай аймақтағы гуманитарлық дағдарыстың қаншалықты ауыр екенін айқын көрсетеді.

Іздеу
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады
Түркия әлемдегі халқы ең көп 18-ші ел болды
Президент Ердоған Словакия президенті Пеллегринимен кездесті
Грекия премьер-министрі Мицотакис: "Түркия керемет НАТО саммитін ұйымдастырды"
Автомобиль саласында 8 миллиард долларлық қосалқы өнеркәсіп өнімі экспортталды
Түркияда жазғы демалысқа арналған бес тамаша мекен
Трамптан Иранға «шабуылдар үдеуі мүмкін» деген қоқан-лоқы