ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Гималайда селден көптеген адам жоғалып кетті
Муссон маусымының нөсер жауыны жалғасуда.
Гималайда селден көптеген адам жоғалып кетті
/ AP

Үндістан армиясы сәрсенбі күні Гималайда болған апатты селден кейін із-түссіз жоғалған ондаған адамды іздеу үшін із кесуші иттерді, ұшқышсыз ұшу аппараттарын және ауыр техника жіберді.

Сел салдарынан кемінде төрт адам қаза тауып, араларында 11 сарбаз бар 100 адамның жоғалып кеткені хабарланды. Лай аралас тасқын тау шатқалынан төмен қарай ағып, Уттаракханд штатындағы Дархали елді мекенін басып өтті.

Сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде армия: «Қосымша әскери бөлімшелер, із кесуші иттер, дрондар, логистикалық ұшқышсыз аппараттар, ауыр техникалар және т.б. құтқару жұмыстарын жеделдету үшін өңірге жіберілді», – деді.

Сондай-ақ мәлімдемеде «қапаста қалған тұрғындарды эвакуациялау және негізгі қажеттіліктер мен дәрі-дәрмекті жеткізу» мақсатында әскери тікұшақтардың жұмылдырылғаны атап өтілді.

«Қауіпті құбылыс»

Муссон маусымының нөсер жауыны жалғасуда.

Армияның мәлімдемесінде: «Үздіксіз жауған жаңбыр мен су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғындар биік аймақтарға көшірілді», – делінген.

Сәрсенбі күні мемлекеттік метеорологтар Уттаракхандтағы барлық ірі өзендердің қауіпті деңгейден асып кеткенін хабарлады.

Мұндай қатты сел мен көшкіндер — маусым мен қыркүйек аралығында болатын муссон маусымында жиі кездесетін құбылыс, алайда мамандар климаттың өзгеруі мен урбанизация бұл апаттардың жиілігі мен қарқындылығын арттырып отырғанын айтады.

Іздеу
«Ozon» компаниясының үш қоймасына дронмен шабуыл жасалды
Диего Марадонаның  добы аукционда 3,35 миллион долларға сатылды
АҚШ Иранға қарсы «ауқымды қаржылық шабуыл» басталатынын мәлімдеді
Сирия мен Израиль өкілдері кездесті
Президент Зеленский соғыс кезінде сайлау өткізудің қауіпті екенін ескертті
Ирак Иран мен Сауд Арабиясына ортақ қауіпсіздік кеңесін құруды ұсынды
Түркияның электр энергетикасының жалпы қуаты 126 мың 476 мегаватқа жетті
Сирияның сыртқы істер министрі: "Түркия Сирияны қалпына келтіруде негізгі серіктес"
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
БҰҰ баяндамашысы Израиль әскерлерін «ең арсыз армия» деп атады
Индонезия мен Қытай сыртқы істер министрлері кездесті
Украина: «Ресейдегі мұнай өңдеу зауыты мен Мариновка әскери әуежайына шабуыл жасадық»
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты