САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Зеленский: “Украина Еуропаның қолдауына мұқтаж”
Украина президенті Владимир Зеленский Еуропадан ұзақ мерзімді қаржылық қолдау көрсетуді сұрады.
Зеленский: “Украина Еуропаның қолдауына мұқтаж”
Владимир Зеленский бұл қаражат қақтығыстың қалай жалғасатынына байланысты не қалпына келтіру жұмыстарына, не қорғанысқа жұмсалатынын айтты. / AP

Украина президенті Владимир Зеленский Киевтің Ресейге қарсы күресті жалғастыра алуы үшін алдағы екі-үш жыл бойы елінің Еуропаның қаржылық көмегіне мұқтаж екенін айтып, Еуропалық Одақтан ұзаққа созылған бұл соғыстың ортасында тұрақты қаржылық қолдау көрсетуді сұрады.

Зеленский сейсенбі күні президент әкімшілігі жариялаған мәлімдемесінде Украинаның ондаған жылға созылатын соғыс жүргізгісі келмейтінін, бірақ қорғанысын және экономикасын ұстап тұру үшін «болжамды, ұзақ мерзімді» қолдауға мұқтаж екенін айтты.

Украина басшысы: «Біз ондаған жыл соғыспаймыз. Бірақ Еуропа біраз уақыт бойы Украинаға тұрақты қаржылық қолдау көрсете алатынын дәлелдеуі керек. Сол себепті олар екі-үш жылдық бағдарламаны ойластыруда», – деді.

Зеленский бұл сөзінде Брюссельде бұғатталған ресейлік активтерді Украинаның соғыс әрекеттері және қайта қалпына келтіруін қаржыландыру мақсатында пайдалану жоспарына сілтеме жасады.

Өткен аптада ЕО көшбасшылары Еуропалық комиссияға Ресейден тәркіленген ондаған миллиард еуро және ірі несиені де қамтитын екі жылдық көмек пакеті туралы ұсыныстарды аяқтауды тапсырды.

Зеленскийдің айтуынша, бұл қаражат соғыстың барысына қарай не қалпына келтіруге, не қорғанысқа жұмсалмақ.

«Егер соғыс бір ай ішінде аяқталса, бұл ақшаны қайта қалпына келтіруге жұмсаймыз. Егер аяқталмаса, қаруға. Басқа таңдау жоқ», – деді Зеленский.

Трамптан Қытайдың Ресейге қолдауын азайтуға ықпал етуді сұрады

Зеленский сондай-ақ АҚШ президенті Дональд Трамптан осы аптада өтеді деп күтілетін кездесулері барысында Қытай басшысы Си Цзиньпинге Пекиннің Мәскеуге экономикалық және саяси қолдауын азайтуға қысым жасауды сұрады.

Украина басшысы журналистерге: «Бұл Президент Трамптың ең күшті қадамдарының бірі болар еді, әсіресе осы қатаң санкциялардан кейін Қытай Ресейден импортты азайтуға дайын болса», – деді.

Ресейдің құрлықтағы ілгерілеуі

Сонымен қатар Зеленский майдан шебіндегі қысымның күшейгенін айтып, бірнеше айға созылған қақтығыстардан кейін Ресей күштерінің елдің шығысындағы Покровск қаласында бекініс орнатқанын хабарлады.

«Онда әртүрлі орындарда шамамен 200 ресейлік бар, оны дрондар арқылы көріп отырмыз. Қазір Покровск – Ресейдің негізгі нысанасы», – деді Зеленский.

Украина басшысы бұл мәлімдемесін соғыс төртінші жылына аяқ басқан, екі тараптың да ауыр шығынға ұшыраған және бейбіт келісімнің әлі алыста көрінген кезінде жасады.

Іздеу
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді
Түркияның отандық технологиялармен жабдықталған жерсерігі орбитаға шықты
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
Нигерия астанасында Эбола вирусы анықталды
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Өңделген тағамдар ми денсаулығына кері әсер етуі мүмкін
Иран: “Байытылған уран ел аумағынан шығарылмайды”
Ливия Түркиямен жасалған теңіз меморандумын бекітті
Япраклы жайлауының күзгі көркі
Түркия мен Бельгия трансшекаралық қылмысқа қарсы күресті күшейтеді
Батыс Еуропада «Google»-дың бұлттық қызметінде техникалық ақау тіркелді
“TRT World Forum” 6-7 қараша күндері Стамбулда өтеді