ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
3 ... минут оқылды
“Jimmy Kimmel Live!” бағдарламасы белгісіз мерзімге тоқтатылды
ABC телеарнасы “Jimmy Kimmel Live!” бағдарламасын Чарли Кирктің өліміне қатысты айтылған пікірлерден кейін белгісіз мерзімге тоқтатты.
“Jimmy Kimmel Live!” бағдарламасы белгісіз мерзімге тоқтатылды
/ AP

Бұл шешім серіктес арналардың наразылығы мен АҚШ-тың Байланыс федералдық комиссиясының (FCC) сынынан кейін қабылданды. Арна бағдарламаның болашақта қайта эфирге оралуы мүмкін екенін мәлімдеді.

“Walt Disney”-ге тиесілі арнаның бұл мәлімдемесі 32 “ABC” серіктес арнасын басқаратын “Nexstar Media Group” компаниясының бағдарламаны көрсетуді тоқтататынын хабарлауынан бірнеше сағат өткен соң жарияланды.

“Nexstar”-дың хабар тарату бөлімінің президенті Эндрю Алфорд мәлімдемесінде: «Киммел мырзаның Кирк мырзаның өліміне қатысты пікірлері ұлттық саяси дискурстың аса маңызды кезеңінде өрескел әрі немқұрайлы болды», – деді.

АҚШ Байланыс федералдық комиссиясының (FCC) төрағасы Брэндан Карр бұған дейін жергілікті арналарды бағдарламаны эфирден алуға шақырып, Киммелдің сөздері қоғамдық сенімді әлсірету қаупін төндіреді деп ескерткен болатын. “ABC”-нің шешімі Каррдың осы мәлімдемесінен көп ұзамай қабылданды.

Киммел сейсенбі күнгі шығарылымда Трамп жақтастарының қылмыскердің ниеттерін саясиландыру әрекеттерін сынға алып, «Апта соңында ‘MAGA’ тобы Чарли Киркті өлтірген жігітті өздерінің бірі етіп көрсетпеуге тырысып, одан саяси пайда табуға ұмтылып, тағы бір масқараға жол ашты», – деді.

Карр бұл сөздерді орынсыз деп айыптаса, Байден тағайындаған FCC комиссары Анна М. Гомес Каррдың көзқарасын жоққа шығарып, эфир таратушылардың редакциялық тәуелсіздігін қорғады.

“ABC” бағдаламаның қанша уақытқа тоқтатылғаны туралы нақты ақпарат бермеді.

Сала сарапшылары бір бағдарламаның уақытша эфирден алынуы оның толықтай тоқтатылғанын білдірмейтінін, арналарға уақытша өзге мазмұн қоюға мүмкіндік беретінін айтады. Арна енді “Jimmy Kimmel Live!” орнына балама бағдарламалар көрсетпек.

2003 жылдан бері түнгі бағдарламаны жүркеле жатқан Киммел арнаның шешіміне қатысты пікір білдірген жоқ. Соңғы жылдары бірнеше рет “Оскар” салтанатын жүргізген Киммел “ABC” және оның бас компаниясы “Disney”-мен тығыз байланысын сақтап отыр.

Бұл шешім “CBS” қаржылық себептерді алға тартып, “The Late Show with Stephen Colbert” бағдарламасын тоқтатқаннан бірнеше апта өткен соң қабылданды. Бұған дейін Дональд Трамп пен “CBS”-тің бас компаниясы “Paramount Global” арасындағы құқықтық келісімнен кейін Колберттің компанияны мазақ еткені белгілі болған, сондықтан бұл шешімнің қабылдану сәті ерекше назар аударды.

Эфирге қайта оралуы мүмкін

“ABC” бұл шешімнің бағдарламаның ресми түрде жабылғанын білдірмейтінін, қайта эфирге оралуы мүмкін екенін атап өтті. Компания қызметкері АҚШ медиасына: «Техникалық тұрғыда, жоқ. ‘ABC’ біраз уақыт өткен соң Киммелдің бағдарламасын қайта эфирге қоса алады», – деді.

Үзілістің бірнеше апта немесе бірнеше айға созылуы, тіпті бағдарламаның мүмдем аяқталуы әзірге белгісіз.

Киммел жиырма жылдан астам уақыт бойы “ABC”-нің түнгі эфирінің тұрақты жүргізушісі ретінде арнаның “NBC”-дің “The Tonight Show” және “CBS”-тің “Late Show” бағдарламаларымен бәсекелесуіне үлес қосып келген.

Іздеу
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды
Пәкістан Ауғанстанға әуеден соққы берді
Сирияда шағын автобусқа жасалған шабуылдан 7 адам қаза тапты
АҚШ армиясын Ирактан шығару үдерісін аяқтағанын хабарлады
БҰҰ Бас хатшысы Мьянмадағы шабуылды қатаң айыптады
“Грекия Израильден алған зымыран жүйелерін аралдарға орналастырды”
Словакияда мектепке шабуыл жасалды
Токиода толассыз жауын-шашын рекорд жаңартты
Сирияда табиғи газ құбырында өрт шықты
Иран әуе қатынасына қойылған шектеулерге шағым түсірді
Нигерияда кеншілерге шабуыл жасалды
Ресей мен Украина дрон шабуылдары үшін бір-бірін айыптады
Непал су тасқынынан кейін әлемге үндеу жасады
Польшадағы шабуылдан дін қызметкері көз жұмды
Украинада 50-ден астам азаматтық нысан зақымданды
286 күндік миссия: АҚШ теңізшілерінің психикалық жағдайы алаңдатты
Жапонияда тайфуннан қаза тапқандар саны артты
Йеменде стратегиялық Кирфан тауы үкімет күштерінің бақылауына өтті
Суданда алтын базарына шабуыл: 5 адам қаза тапты
Ақ Үй 'Трамп ТВ' арнасын іске қосты