ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Президент Ердоған «EFES-2026» әскери оқу-жаттығуына қатысты
Президент Ердоған «EFES-2026» әскери оқу-жаттығуында сөз сөйледі.
Президент Ердоған «EFES-2026» әскери оқу-жаттығуына қатысты
Президент Ердоған "EFES-2026" оқу-жаттығуында сөз сөйледі

Режеп Тайып Ердоған «EFES-2026» оқу-жаттығуында сөйлеген сөзінде  Измирде өтіп жатқан бұл шараға қатысқанына қуанышты екенін айтып,  бұл іс-шараны «тек Түркияның ғана емес, әлемдегі санаулы әрі ауқымды әскери жаттығулардың бірі» деп атады.

Оқу-жаттығу кезінде қолданылған отандық қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне назар аударған президент былай деді:

«Отандық қорғаныс өнеркәсібі жоғары технологиямен жасаған өнімдеріміз қолданылған «EFES» жаттығуы — жоспары, ұйымдастырылуы, әскери бөлімдердің үйлесімді әрекеті, мазмұны мен стратегиялық үндеуі арқылы жай ғана әскери жаттығудан гөрі әлдеқайда терең мағынаға ие. (...) Мұнда тежеу күшінен бөлек, бейбітшілік үшін қаншалықты дайындық, мықты ерік пен табандылық қажет екенін көре аламыз», - деді.

Президент әлемде жаңа тепе-теңдік пен одақтардың қалыптасып жатқанын, алайда жаһандық деңгейде жаңа тәртіп әлі орнамағанын айтты. Сондай-ақ ол: «Әлем бұрын санаулы ірі державалар айқындаған тәртіптен көпполярлы және көптеген ойыншы қатысатын жаңа құрылымға қарай қарқынды түрде бет бұрып келеді», - деді.

«Шиеленісті аймақта бейбітшілік пен қауіпсіздігімізді сақтау үшін армиямызды қуатты әрі заманауи деңгейде ұстауымыз қажет екенін жақсы білеміз», - деген президент Ердоған Түркияның өңірдегі рөліне тоқталды.  «Түркия соғыс пен хаосты қаржыландыратындарға қарсы бейбітшілік пен тұрақтылықты қорғауды жалғастырады. Газада, Ливанда және өңіріміздің өзге аймақтарында бала, әйел, қарт демей бәрін қырып жатқан геноцид желілерге қарсы бүкіл адамзаттың ортақ құндылықтарын табандылықпен қорғауды жалғастырамыз», - деді.

 

Іздеу
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді
Хакан Фидан: «Өңірімізде тұрақтылықтың екі тірегі  ̶  Түркия мен Әзербайжан»
Қырғызстан президенті Жапаров Сеулде өткен Орталық Азия-Корея Республикасы саммитінде сөз сөйледі
«AKINCI» әуе нысанасын «SUNGUR» зымыранымен жойды
Иран АҚШ-тың ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
Сыртқы істер министрі Фидан Грекиямен қарым-қатынастарға баға берді
АҚШ Өкілдер палатасы Иранға шабуылдарды тоқтатуды көздейтін заң жобасын мақұлдады
Газада Израиль шабуылынан зақымданған ғимараттың құлауы салдарынан 9 адам қаза тапты
Ресей: «Ғарышта қарулану жарысын болдырмау үшін шұғыл түрде нақты қадам басу керек»
АҚШ пен Сирия екіжақты қарым-қатынастар мен өңірлік қауіпсіздік мәселелерін талқылады
“Түркия мен Әзербайжан үйлесімді түрде  болашақ онжылдықтарға арналған жобаларды жүзеге асыруда”
Сомалиде Түркияны қолдау мақсатында шерулер өтті