САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Австралия Украинаға танк жіберетінін мәлімдеді
Австралия Украинаға Ресейге қарсы қорғанысын күшейтуге қолдау ретінде әскери қызметтен шығарылған “Abrams” танктері флотын жіберуге дайын екенін хабарлады.
Австралия Украинаға танк жіберетінін мәлімдеді
/ Reuters

Бұл туралы Австралияның “ABC” хабар агенттігі дүйсенбі күні хабарлады.

Жексенбі күні Римде Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездескен Австралия премьер-министрі Энтони Албанезе елінің Ресейге қысым көрсету үшін "қолынан келгеннің бәрін" жасап жатқанын мәлімдеді.

“ABC” агенттігінің хабарлауынша, Албанезе үкіметі былтыр танк флотын Украинаға беруге уәде еткен, алайда бұл техника Австралияда тұрып қалып, жеткізудегі кешігулерге ішінара АҚШ-тың қарсылығы себеп болған. Қорғаныс саласының өкілдері осыны растаған.

Танктер ақыры майданға қарай ұзақ теңіз жолына шыққанымен АҚШ-тың кейбір шенеуніктері Австралияның бұл шешіміне наразылық білдірген. Агенттікке аты-жөнін атамауды сұраған америкалық ресми тұлға: «Былтыр Дональд Трамп қайтадан президент болмай тұрып-ақ біз австралиялық тарапты бұл “Abrams” танктерін жіберудің техникалық жағынан қиын болатыны, ал Украина оларды ұдайы пайдалану мен жөндеуде қиындыққа тап болатыны жөнінде ескерткен едік» – деген.

Албанезе мен Зеленский арасындағы соңғы келіссөздер Австралияның Ресейге қысымды барынша күшейту жолындағы ықтимал үлесі төңірегінде өтті.

 

«Ресейге қысым»

 

Австралия Украинаға жалпы көлемі шамамен 962 миллион АҚШ долларын құрайтын қолдау көрсетіп келеді. Бұл көмек әскери, гуманитарлық және экономикалық саладағы түрлі бастамаларды қамтиды.

Премьер-министр Энтони Албанезе “Abrams” танктерінің жеткізілу мерзіміне қатысты нақты мәлімет беруден бас тартып, бұл ақпараттың жариялануы Украинаның соғыс әрекеттеріне зиян келтіруі мүмкін екенін айтты.

Украина президенті Владимир Зеленский танктер туралы жаңалық үшін Албанезеге алғыс білдіріп, Австралияның Ресей агрессиясына қарсы күресте көрсетіп отырған қолдауын жоғары бағалады.

Австралия қазірдің өзінде шамамен 1 400 ресейлік тұлға мен ұйымға санкция енгізген. Алайда Зеленский Канберрадан одан да белсенді қадамдар күтетінін жеткізді.

Премьер-министр Албанезе Австралияның "Ресейге қысым жасау үшін тағы не істей алатынын қарастыра беретінін" айтып, жаңа әрекеттерге ашық екенін меңзеді.

Сонымен қатар Албанезе Еуропа Комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйеннің Австралияға жаңа қауіпсіздік әріптестігі жөніндегі ұсынысына қатысты да пікір білдірді. Римде фон дер Ляйенмен кездесуден кейін Австралияның бұл пікірге "нақты қызығушылық танытып отырғанын", алайда мәселе әзірге "өте бастапқы кезеңде" екенін атап өтті.

Бұл кездесулер Австралияның еуропалық қорғаныс ынтымақтастығын тереңдету мүмкіндіктерін зерттеп жатқанын көрсетеді.

Іздеу
«Галатасарай» «Лилльді» 4:2 есебімен жеңді
Улудағ тауында күз бен қыс тоғысты
Түркияның алыс қашықтыққа арналған «Siper» әуе қорғаныс жүйесі сынақтан сәтті өтті
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Түркия авиация және ғарыш өнеркәсібіне 2 миллиард доллар инвестиция салуды жоспарлап отыр
Канада премьер-министрі бүгін Түркияға келеді
Президент Ердоған Сирия мен Түркияның барлау ұйымына алғыс айтты
Түркия бастаған төрт ел  маңызды келісімге қол қойды
Ресей АҚШ-қа дизель отынын жеткізуді ертең бастамақ
Уиткофф Путинге жаңа бейбітшілік жоспарын ұсынбақ
Хоуситтер Адендегі Сауд Арабиясының әскери лагеріне соққы жасалғанын мәлімдеді
Солтүстік Корея мен Ресей білім беру саласында ынтымақтастықты нығайтпақ
Түркия Қорғаныс министрі Гүлер катарлық әріптесімен кездесті
НАТО кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қаратеңізге қосымша күштер жібереді