ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияның жаңартылатын энергия үлесі 60%-дан асты
Түркия Президенті Түркияның климаттық саясаты энергия, өнеркәсіп, ғимараттар, көлік, қалдықтар, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы салаларына негізделгенін айтты.
Түркияның жаңартылатын энергия үлесі 60%-дан асты
Түркияның жаңартылатын энергия үлесі 60%-дан асты / AA

“Түркия биыл жалпы орнатылған қуат көзінің ішінде жаңартылатын энергияның үлесін 60 пайыздан асырып отыр”, деп мәлімдеді Түркия президенті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Нью-Йоркте өткен БҰҰ Климат саммитінде «Жаңартылатын энергияның үлесін арттырып, энергия тиімділігін жақсарта отырып, біз өнеркәсіпте төмен көміртекті технологияларды кеңейтудеміз. Биыл жалпы орнатылған қуат көзінің ішінде жаңартылатын энергияның үлесін 60 пайыздан асырдық», – деді

Президент инфрақұрылымды нығайтуға бағытталған жұмыстарды, соның ішінде электр көліктерін өндіру мен теміржол инвестицияларын атап өтті.

«2053 жылға арналған таза нөлдік шығарындылар мақсатына сәйкес, біз негізгі секторларды трансформациялауды жалғастырамыз», – деді ол.

Ердоған Түркияның ағымдағы бастамаларын, соның ішінде шығарындылар сауда жүйесін құру, жасыл қаржы стратегиясын енгізу және ұлттық жасыл таксономияны әзірлеу жоспарларын егжей-тегжейлі баяндады.

Ол елдің климаттық саясаты жеті негізгі бағытқа негізделгенін айтты: энергия, өнеркәсіп, ғимараттар, көлік, қалдықтар, ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы.

«Экономикада жүзеге асырылатын саясаттар арқылы біз 2035 жылға қарай шығарындыны 466 миллион тонна азайтып, жалпы 643 миллион тоннаға дейін төмендетуді мақсат етеміз», – деді Ердоған.

Ол Түркияның 2026 жылы “COP31” саммитін өткізуді мақсат еткенін білдірді.

Іздеу
Афинада израильдік туристер наразылықпен қарсы алынды
Түркияның теміржол желісі кеңейді
THY Қытайдағы ұшу желісіне Чэнду қаласын қосады
Пәкістанда қарулы шабуылдан 3 полиция қызметкері қаза тапты
АҚШ Иранға қарсы блокаданы мерзімсіз жалғастыратынын мәлімдеді
Нетаньяху Ұлыбританияны «Ислам Республикасы» деп атады
Біріккен Араб Әмірліктерінің екі танкері Ормуз бұғазында шабуылға ұшырады
Иранның Трампқа қарсы қастандық жоспары туралы Израиль білдірген мәліметке CIA  күмән келтірді
НАТО жойғыш ұшақтары Латвия әуе кеңістігіне кірген дронды атып түсірді
Түркия президенті «Терроризмнен азат Түркия» үдерісіне қатысты мәлімдеме жасады
Мысырдағы сауда орталығында газ баллоны жарылып, 3 адам қаза тапты
Түркия–Пәкістан–Сауд Арабиясы қорғаныс келісімі өңірлік тұрақтылықты арттырады
Ирак пен Сауд Арабиясы қауіпсіздік мәселелерін талқылайды
Ресей мен Украина қаза тапқан сарбаздардың мәйіттерін алмасты
Пашинян Түркия және Әзербайжанмен электр энергиясы саудасын жүргізуге дайын екендерін мәлімдеді