ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
Мәдениет министрі Ерсой АҚШ елшісін қабылдады
Кездесу туризм саласындағы өсім, мәдени мұраны қорғау және Түркия пен АҚШ арасындағы тамыры терең қарым-қатынастар шеңберіндегі ынтымақтастық мәселелеріне бағытталды.
Мәдениет министрі Ерсой АҚШ елшісін қабылдады
Мәдениет министрі Ерсой АҚШ елшісін қабылдады

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі министр Мехмет Нури Ерсойдың АҚШ-тың Түркиядағы елшісі Том Барракті қабылдағанын хабарлады.

Кездесуде Түркия мен АҚШ арасындағы туризмді дамытуға бағытталған күш-жігер, мәдени мұраны қорғау және мәдени құндылықтардың заңсыз саудасымен күрес мәселелері сөз болды.

Ерсой екі тараптың Түркия-АҚШ арасындағы ұзақ жылдардан бері жалғасып келе жатқан қарым-қатынастар шеңберіндегі ынтымақтастықты қайта саралағанын баса айтты.

Ерсой: «Кездесуімізде Түркия мен Америка Құрама Штаттары арасындағы тамыры терең қарым-қатынастар шеңберінде мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастығымызды жан-жақты талқыладық», — деген сөздерге орын берді.

Министр өзара туризм қозғалысын дамыту, мәдени мұраны қорғау және мәдени құндылықтардың контрабандасымен күресте жүргізіліп жатқан ортақ жұмыстар бойынша сараптама жасалғанын білдіріп, елдер арасындағы диалог пен мәдени байланыстарды одан әрі нығайтатын ынтымақтастықтарға басымдық берілгенін атап өтті.

Бәсекелі әлемде Түркияның «қорғаушылық позициясы»

Елші Баррак Түркияның тарихын, мәдени әртүрлілігін, қонақжайлылығы мен географиялық артықшылықтарын жоғары бағалап, бұлардың елдің жаһандық туризм секторындағы позициясын нығайтқанын айтты.

Сонымен қатар Ерсойдың Түркияның туристік әлеуетін арттыру жолындағы күш-жігерін құптаған Баррак жалғасып жатқан ынтымақтастықтың маңыздылығына назар аударып, «Министр Ерсойдың осы бәсекелі халықаралық ортада Түркияның позициясын қорғау және ілгерілету жолындағы батыл көшбасшылығы шынымен де таңдай қағарлық», — деп баға берді.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”