САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры бұрынғы президент Юнды қамауға ала алмады
Арнайы прокурорлар тобы: «Бұрынғы президент Юнға қатысты қамауға алу бұйрығы оның қарсылық көрсетуіне байланысты орындалмады», – деп мәлімдеді.
Оңтүстік Кореяның арнайы прокуроры бұрынғы президент Юнды қамауға ала алмады
/ AP

«Yonhap» ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның арнайы прокурорлар тобы жұма күні бұрынғы президент Юн Сок Ёльді қамауға алу туралы бұйрықты орындай алмады. Юнның бұл бұйрыққа бағынбағаны атап өтілді.

Арнайы прокурордың орынбасары Мун Хон-чжу бір прокурор және бір тергеушімен бірге бұрынғы президент шамамен бір айдан бері қамауда отырған Уиуанг қаласындағы Сеул тергеу изоляторына барған. Топ Юнның камерасына барғандарын, қамауға алу бұйрығын орындау үшін түрме қызметкерлеріне Юнды камерадан шығаруды бұйырғандарын, алайда Юнның бұл талапқа қарсы шыққанын мәлімдеді.

Мәлімдеме «Бұрынғы президент Юнды қамауға алу бұйрығы оның қарсылық көрсетуіне байланысты орындалмады», – делінген.

Мәжбүрлеп жауап алу мәселесі

Арнайы прокурорлар бұған дейін қызметінен босатылған бұрынғы президент Юн сайлауға араласқандығы туралы айыптауларға қатысты жауап алу үшін сотқа «күшпен» жеткізілетінін мәлімдеген болатын.

Прокуратура Юн мен оның әйелі Ким Кеон Хи 2022 жылғы Парламент сайлауының кандидаттарын іріктеу процесіне араласты деген айыптауларды тексеріп жатыр.

Юн осы аптада екі бірдей тергеуге келмеді. Оның адвокаттары бұрынғы президент «денсаулығының нашарлауына» байланысты сотқа келе алмағанын алға тартты.

Желтоқсанның үші күні түнде жарияланған әскери жағдайға байланысты желтоқсанда қызметінен босатылған Юн қаңтар айынан бері қамауда отыр.

Юн сәуір айында ресми түрде қызметінен босатылды және осы оқиғадан кейін Кореяның Демократиялық партиясынан Ли Джэ Мён маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында үлкен басымдықпен жеңіске жетті.

Іздеу
Әзербайжан президенті Әлиев Бакуде «құпия» кездесу өткенін мәлімдеді
Жапониядағы математика олимпиадасына Түркиядан қатысқан 11 оқушы 11 медаль жеңіп алды
«ASELSAN» Босния және Герцеговинаға дрондарға қарсы қорғаныс жүйелерін жеткізеді
Тәжікстанға жылдың алғашқы жартысында 889 мың 400 шетелдік турист келді
Пәкістан мен Үндістанда нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны артуда
Таиландта қауіпсіздік бекетіне шабуыл жасалды
Атлант мұхитына құлаған "Pan Am" ұшағының қалдықтары 74 жылдан кейін табылды
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Тарихта алғаш рет адам тәріздес роботтар тірі жануарларға ота жасады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
АҚШ-тың B-1 бомбалаушы ұшақтарын қайта қолдана бастағаны хабарлануда
Иранның Хузестан провинциясында зымыран шабуылынан екі адам қаза тапты
Түркияның волейболдан әйелдер және ерлер құрамалары «VNL» финалына шықты
НАТО-ның «Front Door» бастамасы Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығын күшейтеді
Түркияның «AKYA» торпедасы сынақтан сәтті өтті