ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Мексикадағы су тасқынында қаза тапқандар саны 64-ке жетті
«Присцилла» және «Раймонд» атты тропикалық дауылдар бес штатта үлкен су тасқынын туғызып, 250 мыңнан астам адамға әсер етті және 50 мыңнан астам үйге зақым келтірді.
Мексикадағы су тасқынында қаза тапқандар саны 64-ке жетті
Мексикадағы су тасқынында қаза тапқандар саны 64-ке жетті / AP

Дүйсенбі күні Мексика билігі қатты нөсер салдарынан болған су тасқынында қаза тапқандар саны 64-ке жеткенін, 65 адамның із-түзсіз жоғалғанын хабарлады.

Мексиканың Ұлттық азаматтық қорғау қызметінің мәліметінше, өткен аптадан бері «Присцилла» мен «Раймонд» тропикалық дауылдары салдарынан толассыз жауған жауын-шашын адам шығынының артуына себеп болды.

Ұлттық азаматтық қорғау ұйымының дерегіне сәйкес, ең көп зардап шеккен аймақтар қатарында Веракрус, Пуэбла, Идальго, Керетаро және Сан-Луис-Потоси штаттары бар. Бұл өңірлерде 64 адам қаза тауып, 65 адам іздестіріліп жатыр.

Президент Клаудия Шейнбаум Ұлттық сарайдағы күнделікті баспасөз мәслихатында жағдайды талқылап, апат аймақтарындағы азаматтарға көмек көрсету үшін төтенше жағдай тобының толық жұмылдырылғанын айтты.

Шейнбаум киім, гигиеналық құрал, ауыз су және азық-түлікті жеткізу үшін зардап шеккен штаттарға қосымша топ жіберілгенін мәлімдеді. Ол сондай-ақ: «Қайғылы оқиғадан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп, қалпына келтіру жұмыстарына бар ықыласымызбен үлес қосамыз»,- деді.

Мексика медиасының хабарлауынша, соңғы жылдардағы ең ауыр су тасқындарының бірі болған бұл апаттан 250 мыңнан астам адам зардап шеккен. 50 мыңнан астам үй зақымданған.

Іздеу
Таза энергия инвестициялары Түркияның экологиялық әлеуетін күшейтуде
Зеленский: «Ресей кем дегенде 707 украин баланы өлтірді»
Министр Фидан Оңтүстік Кореяда
Түркия мен Сирия экономикалық әріптестікті нығайтуға ниетті
Түркия Қорғаныс министрлігі: "Грекия мен Оңтүстік Кипрдің қарулану әрекеттері жіті бақылануда"
Марс орбитасындағы “MAVEN” ғарыш аппаратының миссиясы аяқталды
Жаһандық ислам экономикасы саммиті басталды
Стамбулда «Нөлдік қалдық» фестивалі басталды
Иран соғысы Жапонияда пластикалық пакет дағдарысын бастады
Әлем чемпионатында су бөтелкелеріне рұқсат берілмейді
Президент Трамп: “Иранмен бейбіт келісім демалыс күндері жасалуы мүмкін”
Гуманоид роботтар нарығында инвестициялық бәсеке қызып жатыр
Ливан мен Израиль жаңа бітім келісіміне қол қойды
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Чилидегі студенттер шеруі қақтығысқа ұласты