САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Илон Маск жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді
Илон Маск өзінің "X" әлеуметтік желісіндегі оқырмандарынан "жаңа саяси партия құрылуы керек пе?" деп сұрағаннан бір күн өткен соң "Америка партиясы құрылды" деп мәлімдеді.
Илон Маск жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамптың бұрынғы одақтасы Илон Маск АҚШ-та жаңа саяси партия құрғанын мәлімдеді. Технология миллиардері елдегі «бірпартиялық жүйе» деп атаған жағдайға қарсы тұру үшін осындай қадамға барғанын айтты.

Маск - әлемдегі ең бай адам және 2024 жылғы сайлауда Трамптың ең ірі саяси демеушісі болды.. Ол Республикалық партияның шығындарды қысқарту және федералдық жұмыс орындарын азайту әрекеттерін басқарған «Үкімет тиімділігі департаментінің» басшысы ретінде қызмет еткеннен кейін Трамппен араздасып кетті.

«Елімізді ысырап пен жемқорлық арқылы банкротқа ұшырату мәселесіне қарағанда біз демократия емес, бірпартиялық жүйеде өмір сүріп жатырмыз», – деп жазды “SpaceX” және “Тesla” компанияларының басшысы Маск.

Ол «Бүгін Америка партиясы құрылды, ол сізге еркіндігіңізді қайтару үшін жұмыс істейді» деп мәлімдеді. Маск жұма күні “X” желісінде сауалнама жариялап, респонденттерден «екі партиялық (кейбіреулер оны бірпартиялық деп атайды) жүйеден құтылғыңыз келе ме?» деп сұрады.

Бұл сауалнамаға 1,2 миллионнан астам адам жауап берді.

Трамп Маскты “елден қуып шығамын” деп қорқытты

Өткен айдың соңында Трамп Конгрестегі республикашылдарды өзінің ауқымды ішкі бағдарламасын «Жалғыз үлкен әдемі заң» түрінде қабылдауға итермелеген кезде, Трамп пен Маск арасындағы жанжал қайта өршіді.

Маск бұл заң жобасына қатты қарсы шығып, оны қолдаған республикашыларды «қарыз құлдығы» үшін сынады. Ол федералдық шығындарды азайтуға уәде берген заң шығарушыларға қарсы жаңа саяси партия құруға уәде берді. Сарапшылардың айтуынша, бұл заң он жыл ішінде АҚШ бюджетінің тапшылығын тағы 3,4 триллион долларға арттырады.

Іздеу
Иран АҚШ-ты Исламабад  келісімін «ашық» бұзғаны үшін айыптады
АҚШ Иранға жаңа соққылар толқынын бастады
Сирия мен Франция он жылдан астам уақыттан кейін дипломатиялық байланыстарды қалпына келтіруге келісті
Президент Ердоған: "Біз саммиттен мықты нәтижемен шығамыз"
Трамп: "Біз Ердоғанмен F-35 ұшақтарын талқылаймыз"
Ердоған Анкарада Трампты қарсы алды
Әлемнің назары Анкарада
НАТО Анкара саммиті Қорғаныс өнеркәсібі форумымен басталды
Түрік баскетболшылар Әлем кубогы жолында 6 ойында 6 жеңіске жетті
Министр Фидан: "Түркия - Еуропа қауіпсіздігінің басты актерлерінің бірі"
Анкарада НАТО саммитіне арнап ірі халықаралық медиа орталық дайындалды
Макрон Асад құлағаннан кейін Сирияға барған алғашқы ЕО көшбасшысы болды
Ердоған Болгария премьер-министрі Радевті қабылдады
Фидан: "Ердоған мен Трамптың жақсы қарым-қатынасы НАТО ішіндегі шиеленісті бәсеңдетуі мүмкін"
Президент Ердоған НАТО саммитінде әлем көшбасшыларын қабылдайды