ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды
Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған «Әлем бестен үлкен» деген үндеудің жаһандық мәселелерге кең ауқымды жауапкершілікпен қарауға шақыратынын атап өтіп, БҰҰ реформасының негізінде вето қою артықшылығын жою мәселесі тұруы тиіс екенін мәлімдеді.
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды
Президент Ердоған БҰҰ-ны реформалауға шақырды

Президент Режеп Тайып Ердоған «Bloomberg» басылымына «БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын жоюы тиіс» атты мақала жазды.

Мақалада Ердоған соңғы жылдары әлем куә болған пандемиялар, энергетикалық дағдарыстар, жеткізу тізбектеріндегі кедергілер мен өңірлік қақтығыстар секілді дағдарыстар және жаһандық мәселелердің шешімін аз ғана мемлекеттің ұстанымына қалдыру заман талабына сай еместігін атап өтті.

Ол жаһандық шешім қабылдау тетіктерін бүгінгі жағдайға бейімдеуді кейінге қалдыруға болмайтынын айтып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы әлі де Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңнің жағдайына негізделгенін атап өтті

Ердоғанның айтуынша, неғұрлым тиімді, әділ әрі есеп беруге негізделген өкілдік жүйесі қажет. Бұған тек өкілдік аясын кеңейту арқылы емес, көшбасшылық жауапкершілік арқылы қол жеткізуге болады.

ҚатыстыTRT Қазақ - БҰҰ-ға мүше елдердің көшбасшылары 81-ші Бас Ассамблеяға қатысу үшін Нью-Йоркте жиналады

Президент Ердоған: «Әртүрлі өңірлердің тәжірибесін, мүмкіндігін және саяси ерік-жігерін жаһандық және өңірлік мәселелерді шешуге атсалысуына мүмкіндік беруіміз керек. «Әлем бестен үлкен» деген үндеуіміз халықаралық жауапкершілікті кеңейтуге шақырады. Енді реформаға деген қажеттілікті нақты іс-қимыл жоспарына айналдыру қажет. /…/. Реформа дәл сол артықшылықты басқа мемлекеттерге де беру деген сөз емес. Бас Ассамблея аясында ешбір мемлекеттің халықаралық қоғамдастықтың басым көпшілігінің еркін тұрақты түрде бұғаттауға құқығы болмауы тиіс деген қағида негізінде кең ауқымды коалиция құрылуы керек», – деді.

Президент Ердоған экономикадан қауіпсіздікке, технологиядан дипломатияға дейінгі салаларда жаңа күш орталықтары қалыптасып жатқанымен, халықаралық институттардың бұл өзгерістерге дәл сондай қарқынмен бейімделе алмай отырғанын атап өтті.

Ол соғыс, климат дағдарысы, заңсыз көші-қон және экономикалық тұрақсыздық мемлекеттердің мықты институттарға, орнықты экономикаға және тежеуші қорғаныс қабілетіне ие болуының маңызын тағы бір мәрте көрсеткенін айтты.

Сонымен қатар сауда, логистика, көлік және энергетикалық дәліздердің қауіпсіздігі мен тұрақтылығы барған сайын шешуші мәнге ие болып отырғанын атап өтті.

Ердоған Азияның әлемдік экономикадағы рөлі артып келе жатқан тұста Африканың да өз мүмкіндігіне сай халықаралық деңгейде кеңірек өкілдікке ұмтылып отырғанын, ал дамушы елдердің өз басымдықтарын барған сайын анық әрі батыл жеткізе бастағанын айтты.

Ол: «Кейбір өңірлік актерлердің ықпалының артуы олардың өз аймағында көбірек жауапкершілік алуын талап етеді. Әр өңірдің мәселесін сырттан белгіленген тәсілдермен шешу мүмкін емес. Біз сол аймақтағы елдердің ұстанымын, жергілікті жағдайды және ортақ мүдделерді ескеретін жолдар ғана ұзақ мерзімді әрі тұрақты нәтиже береді деп сенеміз. Дипломатиялық мүмкіндігі, экономикалық әлеуеті және түрлі тараптармен байланыс орната алатын елдердің бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде белсендірек рөл атқаруы – бүгінгі күннің талабы», – деп атап өтті.

«Бас Ассамблеяның рөлін күшейтуге бағытталған бастамаларды қолдаймыз»

Ердоған вето қою артықшылығын жоюды, сайланған мүшелердің шешім қабылдау үдерісіндегі ықпалын арттыруды және Бас Ассамблеяның рөлін күшейтуге бағытталған күш-жігерді қолдайтындарын атап өтіп, былай деді: «Әртүрлі өңірлердегі мемлекеттердің осындай ортақ ұстаным төңірегінде бірігуі халықаралық жүйенің заңды негізін нығайтып, өкілдік мүмкіндігін күшейтеді. Қазір әлемде тұрақты бейбітшілікті бір-бірінен алшақ, өзара диалог жүргізбейтін блоктардың көбеюі арқылы орнату мүмкін еместігі анық. «Әділетті әлем» құру үшін түрлі аймақтардың тәжірибесін, әлеуетін және саяси ерік-жігерін ортақ арнаға тоғыстыруымыз қажет. Түркия өзінің терең дәстүрі, дипломатиялық әлеуеті және түрлі өңірлермен қалыптасқан берік байланыстары арқылы осы реформаны жүзеге асыруға белсенді атсалысады».

Іздеу
Скандинавия әуе жолдары Израильге рейсті қайта бастау жоспарынан бас тартты
Африканың шығысында жаңа мұхит пайда болуы мүмкін
«Бешикташ» Еуропада айқын басымдық танытты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтуге әрекеттенген Того туы бар мұнай танкеріне соққы жасағанын мәлімдеді
Трамп Польшада АҚШ базасын құру мәселесінде маңызды ілгерілеушілікке қол жеткізгенін мәлімдеді
13 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салуды жоспарлауда
Армения премьер-министрі Пашинян: «Бізге Ресейдің әскери базасы қажет емес»
Түрік әуе жолдары мен «Air China» кодшеринг бойынша ынтымақтастығын арттырды
Оңтүстік Корея мен Орталық Азия елдері стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтеді
Аракчи Қытай сапарынан кейін: «Бүгін қабылданған шешімдер стратегиялық тепе-теңдікті айқындайды»
«HÜRKUŞ-II» — Түркия Әуе күштеріне берілетін алғашқы отандық ұшақ
Түркия хоуситтердің Мекке маңына жасаған  шабуылын айыптады
"Айдың айналасында соғысқа дайындалуымыз керек"
АҚШ президенті Трамп: «Иранмен қақтығыстың соңына таяп қалдық деп үміттенемін»
АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысуды жоспарлаған Махмуд Аббасқа виза бермеді