САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Мәскеу мен Тегеран билігі ядролық бағдарламаны талқылады
Мәскеу мен Тегеран арасындағы келіссөз Ұлыбритания, Франция және Германия "Иран уран байытуды шектемесе, БҰҰ санкцияларын қайта енгіземіз" деп қорқытқан кезде өтуде.
Мәскеу мен Тегеран билігі ядролық бағдарламаны талқылады
Иран сейсенбі күні Женевада Еуропа үштігімен келіссөз жүргізеді. / AA

Иран мен Ресей президенттері Еуропа елдері 2015 жылғы келісімнің тоқырауына байланысты Иранға санкцияларды қайта енгіземіз деп қорқытуына байланысты Иранның ядролық бағдарламасын талқылады.

Ұлыбритания, Франция және Германия “Иран уран байытуын шектеуге және Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) инспекторларымен ынтымақтастықты қалпына келтіруге келіспесе, БҰҰ санкцияларын қайта енгізу үшін «жедел механизмді» іске қосамыз деп мәлімдеді.

Иран мемлекеттік ақпарат құралдары “Иран Еуропа үштігімен сейсенбі күні Женевада келіссөздер өткізеді”, деп хабарлады

Кремль болса “Ресей президенті Владимир Путин дүйсенбі күні Иран президенті Масуд Пезешкианмен телефон арқылы сөйлесіп, Иранның ядролық бағдарламасына қатысты жағдайды талқылады”, деп хабарлады

Иран президенттігі кеңсесі Пезешкианның Путинге Тегеранның «байыту құқығын» қолдағаны үшін алғыс білдіргенін және Иранның «ядролық қару жасауды көздемейтінін және ешқашан көздемегенін» мәлімдегенін хабарлады.

Украинадағы Ресейдің әскери операциясы кезінде аталмыш екі ел саяси, әскери және экономикалық байланыстарын нығайтты.

Иран қазіргі шиеленіс кезінде АҚШ және Еуропамен маңызды ядролық келіссөздер қарсаңында өз ұстанымын Ресей және Қытаймен үйлестіруге тырысып келеді.

Ресейдің «Коммерсант» газеті дүйсенбі күні “Мәскеу «жедел санкцияларды» енгізу идеясын қолдамайтынын” хабарлады.

Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесін жариялаған газет «Ұлыбритания, Германия және Францияның Иранға қатысты бұрын тоқтатылған БҰҰ санкцияларын қайта енгізу механизмін іске қосу туралы қорқытуы айтарлықтай тұрақсыздандырушы фактор», – деген сөздер қолданды.

Ресей 2015 жылғы Бірлескен кешенді іс-қимыл жоспарының (JCPOA) қатысушысы болып табылады. Бұл келісім Иранға ядролық бағдарламасын шектеу шартымен санкцияларды жеңілдетуді қамтамасыз етті.

Тегеран келісімнің жедел санкцияларды енгізу тармағын қолданудың заңдылығына күмән келтіріп, еуропалықтарды өз міндеттемелерін орындамады деп айыптады.

Иран осы жылдың басында Израильмен 12 күндік соғыстан кейін БҰҰ-ның ядролық бақылау агенттігімен ынтымақтастықты тоқтатты. Тегеран МАГАТЭ-нің Израиль мен АҚШ-тың ядролық нысандарына жасаған шабуылдарын айыптамағанын алға тартты.

Іздеу
Биыл Батыс Шерияда израильдіктердің шабуылдарынан 86 палестиналық қаза тапты
Балтық елдері ортақ резервтік энергия қуатын құру бойынша келісімге келді
Иран АҚШ-қа қарымта шабуыл жасайтынын мәлімдеді
Ресей мен АҚШ сыртқы істер министрлері Украина дағдарысын талқылады
АҚШ Иранның әскери нысандарына шабуылдады
Кремль: «Украинамен қақтығысты тоқтату жөніндегі талаптарымыз өзгерген жоқ»
Пәкістан мен Иран терроризмге және есірткі саудасына қарсы күрестегі ынтымақтастығын арттырады
Иран: "АҚШ-пен хабар алмасу және делдалдық жалғасуда"
Ресей қатысатындықтан Венеция биенналесіне грант тоқтатылады
БҰҰ АҚШ-Иран текетіресін «дипломатиялық жолмен шешуге» шақырды
«Израильдің Ливан аумағынан толық шығуы — тұрақтылыққа қол жеткізудегі басты қадам»
Трамп Сауд Арабиясымен жасалған азаматтық ядролық келісімді мақұлдады
Солтүстік Корея Украина мәселесінде Ресейді қолдайтынын мәлімдеді
Ливан армиясы пилоттық аймақты бақылауына алды
ASEAN геосаяси шиеленіс аясында бірлікке үндеді
АҚШ Иранға қайта шабуылдады
Ресей мен Солтүстік Корея сыртқы істер министрлері кездесті
ХАМАС Халил әл-Хайяны саяси бюроның жаңа басшысы етіп тағайындады
Иран президенті: «Экономикалық қысым әскери жетістіктерімізге кері әсер етуі мүмкін»
Энди Бернем Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі болды