САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Педро Кастильо бас бостандығынан айырылды
Перудің бұрынғы президенті Педро Кастильо төңкеріс жасауға талпыныс жасады деген айыппен 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Педро Кастильо бас бостандығынан айырылды
Жоғарғы Сот Кастильоның бұрынғы кабинет министрлерін де айыптады. [Мұрағаттық сурет] / AP

Кастильо мен оның жоғары лауазымды көмекшілері 2022 жылғы Перудегі саяси дағдарыс кезінде Конгрессті таратуға және билікті күшпен басып алуға әрекеттенуге байланысты кінәлі деп танылды.

Перудің экс-президенті Педро Кастильо 2022 жылғы сәтсіз төңкеріс әрекетіне байланысты бейсенбі күні 11 жылдан астам мерзімге сотталды.

Үкімде сондай-ақ конституциялық тәртіпті бұзғаны үшін екі жыл бойы мемлекеттік қызмет атқаруға тыйым салу жазасы қарастырылды.

Алайда сот Кастильоны қызмет өкілетін теріс пайдалану және қоғамдық тәртіпті бұзу айыптарынан ақтады.

Жоғарғы сот бір уақытта бұрынғы министрлер Бетсси Чавес пен Уилли Уэртаны, сондай-ақ оның бұрынғы кеңесшісі Анибал Торресті де дәл осы айыппен кінәлі деп танып, прокуратураның сұрауын қанағаттандырды.

Кастильо 2022 жылғы 7 желтоқсанда Конгресті тарату және төтенше жағдай жариялау туралы мәлімдемесі үшін сотқа тартылған болатын.

Ол Конгресті таратып, жоспарланған импичментке дауыс беруді болдырмауға тырысқан.

Сол күні полиция Кастильоны үкімет сарайынан шыққан кезде қамауға алды. Айыптауларға қарағанда ол отбасымен бірге Мексика елшілігіне бармақ болған.

Конгрес Кастильоны қызметінен дереу шеттетті.

Іздеу
Түркияның болашақ инженерлері «TEKNOFEST» аясында автономды жүйелерін таныстыруда
Қырғызстан мұнай импорттау желісін кеңейтуде
Иран: «Дұшпанның қоқан-лоқыларына қатаң жауап қайтарамыз»
Нигерияда қайық аударылып, 52 адам қаза тапты
Израиль сарбаздары жаралаған палестиналық көз жұмды
БҰҰ Бас хатшысы Ресейдің Украинаға жасаған әуе шабуылдарын қатаң айыптады
Оңтүстік Перуде 6,7 балдық жер сілкінісі болды
Ресей Иранды келіссөзді қайта бастауға мәжбүрлемейтінін айтып, АҚШ-ты Тегеранға қарсы соғыста агрессор деп атады
Сирия мен Пәкістан өңірлік мәселелер бойынша пікір алмасты
Сыртқы істер министрі  Мысыр және Сауд Арабиясындағы әріптестерімен телефон арқылы сөйлесті
Швейцария Ресейге қарсы санкциялардың 20-пакетін мақұлдады
Румыния Қаратеңізде қашықтықтан басқарылатын теңіз аппаратын жойды
НАТО Ресейдің Калининград облысына жақын жерде әуе жаттығуын өткізді
АҚШ-тың мемлекеттік қарызы 40 триллион доллардан асты
Қырғызстан Қытайдың Қырғызстан азаматтарына виза рәсімін жеңілдету туралы шешімін құптады