ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Бангладештегі босқын лагеріндегі мектептерге қауіп төніп тұр
АҚШ жаһандық көмекті қысқартқаннан кейін мұғалімдер жұмыстан босатылды.
Бангладештегі босқын лагеріндегі мектептерге қауіп төніп тұр
/ AP

Қаржыландырудың күрт қысқаруына байланысты БҰҰ-ның балалар агенттігі Бангладештегі Рохинджа босқындар лагеріндегі 1000-нан астам мұғалімді жұмыстан шығаруға мәжбүр болды.

Қуғын-сүргінге ұшыраған Аракан мұсылмандарының миллионға жуық мүшесі Бангладештегі апатты лагерьлерде тұрады. Олардың көпшілігі - 2017 жылы көршілес Мьянмадағы әскери репрессиядан қашқандар.

АҚШ қаржыландыруы күрт қысқарғаннан кейін мұғалімдер жұмыстан босатылды.

Агенттік сейсенбі күнгі мәлімдемесінде «Жаһандық көмекті қаржыландыру дағдарысына байланысты ЮНИСЕФ Рохинджа босқындарының балаларының білім алуына әсер ететін қиын шешімдер қабылдауға мәжбүр болды» делінген.

ЮНИСЕФ балабақша мен бастауыш мектептерде жұмыс істейтін 1179 адамның келісімшарты бұзылғанын хабарлады.

Бангладеш үкіметінің жоғары лауазымды өкілі Шамсуд Доузаның айтуынша, қысқартуларға дейін лагерьлерде шамамен 4000 мұғалім жұмыс істеген.

«Шұғыл қажеттіліктер»

Мұсылман мерекесіне байланысты мектептер жабылды, бірақ маусым айының соңында оқу мерзімі қайта басталғанда жаңа қаржыландыру болмаса, көптеген мұғалім жұмысынан айырылуы мүмкін.

«Қалған жұмысшылардың қайтарылуы (...) жаңа қаржыландыруға байланысты. Біз қолдау әрбір балаға лайықты болашақ әкеледі деген шешімдеміз және  үміт етеміз», - деп қосты ЮНИСЕФ.

АҚШ президенті Дональд Трамп қаңтарда қызметке келіп, сыртқы көмек қорларының басым бөлігін тоқтатқаннан кейін дүние жүзіндегі гуманитарлық агенттіктер  дағдарысқа ұшырады.

Америка Құрама Штаттары дәстүрлі түрде бюджеттік олқылықтарды толтыру үшін күресуге мәжбүр  бірқатар агенттіктің ең үлкен доноры болатын.

ЮНИСЕФ «Көпшілігі білім, денсаулық, тамақтану және қорғалу мәселелері бойынша ауыр қиындықтарға ұшыраған Рохинджа балаларының шұғыл қажеттіліктерін жақсы білеміз. Мақсатымыз – олар қауіпсіз болған кезде өз қауымдастықтарына үлес қосу үшін сенімді, негізгі дағдыларға ие болуын қамтамасыз ету», - деді.

Іздеу
Индонезияда орман өрті: 333 мыңнан астам адам тыныс жолдары инфекциясына шалдықты
Ұлыбритания ықтимал дағдарыстарға дайын болуға шақырды
Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тапты
Президент Зеленский соғыс басталғанда Байденнің қандай ұсыныс жасағанын айтты
Парсы шығанағында 4 кеме шабуылға ұшырады
Сауд Арабиясында әуежайға жасалған шабуылдан 1 адам қаза тауып, 8 адам жараланды
Францияда әскери ұшақ апатқа ұшырады
АҚШ-та 300 мыңнан астам визаның күші жойылды
Ресейдің Украинаға шабуылынан 3 адам қаза тауып, 11 адам жараланды
Иран АҚШ-тың MQ-9 дронын атып түсіргенін мәлімдеді
Таиландта су тасқынынан 80 адам қаза тапты
Парсы шығанағы елдері хоуситтерді террористік ұйым деп тануға шақырды
Ресей Киевтегі метро станциясына шабуыл жасады
Нигерияда мина жарылысынан 8 сарбаз қаза тапты
Индонезиядағы ұлттық саябақта өрт шықты
Ресей: «Украинаның логистикалық орталығы мен құрғақ жүк кемесіне соққы бердік»
АҚШ-та бастауыш мектепке жасалған қарулы шабуылда 3 оқушы мен 1 мұғалім қаза тапты
Израиль сарбаздары Сирияның Дера қаласы маңындағы үйлерде тінту жүргізіп, егістіктерге оқ жаудырды
Ресейдің Рязань облысындағы мұнай өңдеу зауытында ҰҰА шабуылы салдарынан өрт шықты
Солтүстік Корея 2 түрлі стратегиялық қанатты зымыранды сынақтан өткізді