ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
15 мамырда індет жарияланғалы бері Эбола вирусын жұқтырғандар саны 7 мың 404-ке жетті.
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті
Конго Демократиялық Республикасында Эболадан қайтыс болғандар саны 3 577-ге жетті

Конго Демократиялық Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Эбола індеті елдің 7 уәлатындағы 62 ауданға таралғанын хабарлады.

Елде осы уақытқа дейін 7 мың 404 жағдай тіркелді. Вирус салдарынан 3 мың 577 адам қайтыс болып, 1 мың 776 науқас сауығып шықты.

Індеттің таралуына жол бермеу мақсатында кейбір уәлаяттарда вакцинация жұмыстары жеделдетілді. Сонымен қатар шекаралық өткізу бекеттеріндегі бақылау мен халықты ақпараттандыру шаралары жалғасып жатыр.

Эбола Африкада мыңдаған адамның өмірін қиды

Қан кетумен сипатталатын ауыр қызба ауруын тудыратын Эбола вирусы алғаш рет 1976 жылы Суданның Нзара және Конго Демократиялық Республикасының Ямбуку қалаларында бір мезгілде басталған індет кезінде анықталған.

Конгодағы індет Эбола өзеніне жақын ауылда басталғандықтан, ауруға осы өзеннің атауы берілген.

Эбола вирусы 2013 жылдың желтоқсанында Батыс Африкада тарала бастады.

Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 2014-2017 жылдары болған індет кезінде 30 мың адам вирус жұқтырып, 11 мыңнан астамы қайтыс болды.

Конго Демократиялық Республикасының шығысындағы Итури уәлаятында 246 күдікті жағдай мен 65 өлім тіркелгеннен кейін15 мамырда елде Эбола індеті жарияланды.

Денсаулық сақтау органдарының мәліметінше, мамыр айында тарала бастаған Эболаның «Бундибугио» нұсқасына қарсы әзірге ресми түрде мақұлданған ем немесе вакцина жоқ.

Іздеу
Ормуз бұғазында апатқа ұшыраған екі танкер өртенді
Конгода Эбола індетін жұқтырғандар саны 11 мыңнан асты
ЕО Даму банкі Түркияның таза энергияға көшуіне 6 миллиард доллар инвестиция салады
Түркияның баскетболдан әйелдер құрамасы Черногорияны 79:62 есебімен жеңді
Президент Ердоған COP31 саммиті аясында екіжақты кездесулерін жалғастыруда
Президент Ердоған: "Өркениетіміздің өзегінде табиғатқа деген құрмет жатыр"
БАӘ-де Украинадағы соғысты тоқтату жөніндегі үшжақты келіссөздер жалғасуда
Израиль Батыс Шерияда 165 мың шаршы метр Палестина жерін тәркілеуге бұйрық берді
Еуроодақ 2027 жылға арналған бюджет көлемін келісті
COP31 басталды: Көшбасшылар белсенді болуға шақыруда
Президент Ердоған БҰҰ Бас хатшысы Гутерришті қабылдады
Оңтүстік Корея мен Украина сыртқы істер министрлері Парижде кездесті
Иранның ықтимал шабуылдары АҚШ шенеуніктерін алаңдатып отыр
Түркия мен Сауд Арабиясы электр энергетикасы саласында  ынтымақтастық меморандумына қол қойды
БҰҰ Бас хатшысы Гутерриш Түркияға COP31 үшін жоғары баға берді