САЯСАТ
2 ... минут оқылды
Трамп Киевке қару уәде етті: Зеленскийге Мәскеуге шабуыл жасамауды айтты
Трамптың соңғы мәлімдемелері «Financial Times» газетінің АҚШ президенті Украинаны Ресейге қарсы шабуылдарды күшейтуге шақырғаны туралы хабардан кейін жасалды.
Трамп Киевке қару уәде етті: Зеленскийге Мәскеуге шабуыл жасамауды айтты
/ Reuters

АҚШ президенті Дональд Трамп Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуді нысанаға алмау керек деп мәлімдеді.

Трамптың мәлімдемелері сейсенбі күні «The Financial Times» газетінде «Трамп Украинаны Ресейге қарсы шабуылдарды күшейтуге шақырды» деген хабардан кейін жасалды. Хабарда Трамптың Зеленскийден «АҚШ ұзақ қашықтықтағы қару-жарақ берген жағдайда, Мәскеуге шабуыл жасап жасамайтынын» сұрағаны алға тартылған.

Дүйсенбі күні Трамп Киевке көбірек қару-жарақ жіберілетінін және Украинадағы әскери шабуылдарына байланысты Ресейге қарсы қатаңырақ позиция ұстанатынын мәлімдеді. Қақтығысты тоқтату үшін Кремльге 50 күн уақыт берген Трамп егер қақтығыс аяқталмаса, жаңа ауқымды экономикалық санкциялар салатынын ескертті.

Трамп пен НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Еуропадағы НАТО елдерінің АҚШ-тан қару-жарақ, соның ішінде миллиардтаған долларлық «Patriot» зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерін сатып алып, Украинаға жөнелтуін көздейтін келісімді жариялады.

Трамп АҚШ-тың Украинаны қаруландырудағы рөлін көптен бері сынға алып келеді, НАТО болса Киевке жіберілген қару-жарақтың көпшілігіне қазір Еуропа жауапты екенін баса айтты.

Ал Германия, Дания, Швеция және Нидерланды сияқты Еуропа елдері АҚШ-тың жаңа жоспарына қосылатынын немесе қосылуды қарастырып жатқанын хабарлады.

АҚШ Украинаны қаруландыруда «жүкті бөлісуі» керек

Еуропалық Одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Каджа Каллас АҚШ Украинаны қаруландыруда «жүкті» бөлісуі керек деп мәлімдеді.

Брюссельдегі Еуроодақ Сыртқы істер министрлері жиналысынан кейін Каллас «Президент Трамптың Украинаға көбірек қару жіберу шешімін құптаймыз, бірақ АҚШ-тың ауыртпалықты бөліскенін қалаймыз» деді. Ол сондай-ақ «Егер сіз қару-жарақ беруге уәде берсеңіз және оны басқа біреу төлейді десеңіз, бұл шын мәнінде сіздің уәдеңіз болмайды», - деді.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков сейсенбі күні АҚШ, НАТО және ЕО-ның Украинаға әскери көмек көрсетуге қатысты шешімдерін Киев «соғысты жалғастыруға ынталандыру» ретінде қабылдайтынын айтты. Мәскеуде баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде Песков Еуропадан келген саяси мәлімдемелер бейбітшілікті емес, қақтығыстарды күшейтетінін атап өтті.

Песков Ресейдің Украинамен тікелей келіссөздерге ашық екенін және келіссөздің үшінші раунды үшін ұсыныс күтіп отырғанын мәлімдеді.

Ол: "Біз дайынбыз, бірақ Киевтен ешқандай ұсыныс алған жоқпыз. Вашингтон мен Еуропа диалогты қалаймыз деп мәлімдейді, бірақ олардың іс-әрекеттері керісінше" деп қосты.

Іздеу
Түркиялық теннисші Зейнеп Сөнмез әлемнің ең үздік 50 спортшысының қатарына енді
Ормуз бұғазындағы кеме қозғалысы соңғы бес аптадағы ең төменгі деңгейге түсті
Түркия президенті Катарға көңіл айтты
Түркия Сирия Халық мәжілісінің алғашқы отырысының өтуін құптады
Түрік ғалымдарының жаңа зерттеуі халықаралық ғылыми әдебиетке енді
Тайландтағы түнгі клубта өрт шықты
Иранның оңтүстігіндегі бірнеше нысанда жарылыс тіркелді
4-ші Шуша жаһандық медиа форумы басталды
Барлау қызметі 1950 жылы қастандықтан қаза тапқан ұйым қызметкері Каскатының суретін жариялады
ИЫҰ-ның әйел мәселесіне жауапты министрлері Пәкістанда басқосты
Садақ ату бойынша әлем кубогында Түркия алтын медаль иеленді
Ресей: "Украина дағдарысты бейбіт жолмен шешуге құлықсыз"
TİKA Венесуэлаға  көмек материалдарын жолдады
Хаменеи жерленген кезде аза тұтқан халық кек алуға ант берді
Президент Ердоған НАТО саммиті аясында Албания премьер-министрі Раманы қабылдады