ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Техникалық келіссөздер электрондық сауда, мемлекеттік сатып алулар, инвестиция және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.
Түркия мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда көлемі 233 миллиард долларға жетті
Түркия Сауда министрі Өмер Болат / Anadolu Agency

Түркия Сауда министрі Өмер Болат Еуропалық Одақпен (ЕО) арадағы Кеден одағын жаңарту мәселесінде электрондық сауда, мемлекеттік сатып алулар, инвестициялар мен ауыл шаруашылығы өнімдері сияқты бірқатар бағыт бойынша ілгерілеушілік бар екенін мәлімдеді.

Брюссельге сапары барысында журналистерге сұхбат берген министр Кеден одағын жаңарту жөніндегі ресми келіссөздерді бастау үшін ЕО Кеңесі Еуропалық комиссияға әлі өкілеттік бермегенін, алайда техникалық деңгейдегі келіссөздердің басталғанын айтты.

Болат Кеден одағының Түркияға да, Еуропалық Одаққа да айтарлықтай пайда әкелгенін атап өтіп, «Соңғы 30 жылда Түркия мен ЕО арасындағы сауда көлемі 11 есе артып, 233 миллиард долларға жетті. Сондықтан бұл – екі тарапқа да тиімді ынтымақтастық», – деді.

Өнеркәсіп және цифрлық сауда

Министр Түркияның соңғы бір жыл бойы Еуропалық Одақ ұсынған Өнеркәсіпті жедел дамыту туралы заңдағы (IAA) шектеулерге қатысты алаңдаушылықты сейілтуге күш салғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл заңда әсіресе автомобиль өнеркәсібіне салынатын инвестициялар мен электрлі көліктерге қатысты ережелер қарастырылған.

Цифрлық сауда саласында Еуропалық Одақтың жаңа заңнаманы әзірлеу барысында Түркиямен үйлесімді жұмыс жүргізгенін айтқан Болат 1 шілдеден бастап күшіне енген, әрбір тауар жөнелтілімі үшін 3 еуро алым төлеуді көздейтін ереженің Түркияға қолданылмайтынын еске салды.

Министр бұл мәселеге саясат пен парламент араласқан жағдайда Түркия үшін қолайсыз шешім қабылдануы мүмкін екенін де атап өтті. Сонымен қатар Еуропалық Одақта Түркияның міндетті түрде «Made in EU» («ЕО-да өндірілген») бағдарламасына енгізілуін қолдайтын көптеген лауазымды тұлға бар екенін айтты.

Дегенмен Болат Еуропалық Одақ құрамындағы елдердің экономикалық мүдделері әртүрлі екенін ескертіп, мәселеге сабырмен әрі салқынқандылықпен қарауға шақырды.

Іздеу
Президент Ердоған COP31 аясында қарқынды дипломатиялық кездесулер өткізуде
«Көшбасшылардың COP31 саммитінде танытқан табандылығы Париж климаттық келісімі үшін үміт ұялатады»
Трамп қызметінен кетпес бұрын Куба мәселесін шешуді көздеп отыр
“Microsoft 365” қызметіндегі ақау әлі жойылған жоқ
Ресей мен Ауғанстан астық және энергетикалық жабдықтар жеткізу жөнінде келісімге келді
Бейбітшілік келіссөздерінің келесі кезеңі Еуропаның қатысуымен өтпек
Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамы Босния және Герцеговинадағы мұқтаж жандарға 9,5 тонна көмек жеткізді
«АҚШ Орталық қолбасшылығы Иранға қайта шабуыл жасалуы мүмкін екенін ескертті»
ЕО: «Біздің қауіпсіздігіміз Украинаның қауіпсіздігіне тікелей байланысты екені анық»
АҚШ президенті Трамптың арнайы өкілдері Ресей президенті Путинмен кездесті
Иран: «АҚШ-тың Бахрейндегі  ерте ескерту радары жойылды»
Малатияда апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шейіт болды
Түркия мен Қытай арасында жаңартылатын энергия саласында инвестициялық келісімге қол қойылды
Әзербайжан президенті Әлиев пен Украина президенті Зеленский Дублинде кездесті
Президент Ердоған Иран президенті Пезешкианмен кездесті